Мәселе

Алматыда қоғамдық көлікте бетперде тақпағандарға айыппұл салынады

  • Алматыда қоғамдық көлікте бетперде тақпағандарға айыппұл салынады

    Алматыда қоғамдық көлікте бетперде тақпағандарға айыппұл салынады

Осы мақсатта құрамына қалалық басқарма, көлік холдингі мен құқық қорғау органының қызметкерлері кіретін мониторингтік топ құрылды. Мониторингтік топ жолаушылардың қоғамдық көліктегі санитарлық талаптарды сақтауын тексереді. Қаланың барлық автобустарын кезеңмен тексеру жоспарланған. Бұл туралы Алматы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Бұған дейін басқарма қызметкерлері бетперде тақпаған жолаушыларға тек ескерту жасай алатын. Енді мониторингтік топ санитарлық нормаларды сақтамаған азаматтарға айыппұл салуға құқылы.

"Жолаушылар ағынын ескере отырып, кептеліс уақытында адамдар көп мінетін 28-ші бағдарлы қоғамдық көліктің бірлік саны арттырылды. Қозғалыс аралағы да қайта қарастырылды. Соңғы аялдамаларда автобус салондарына дезинфекция жүргізіледі", - деді қалалық әкімдіктегілер.
Жүргізушілер бетперде тағуға, бұл жөнінде жолаушыларға да ескерту жасауы міндетті. Бұл талапты орындамаған жолаушыны қоғамдық көліктен түсіріп жіберуге не мүлде отырғызбауға құқылы.

Сонымен қатар автобустар мен метрода бетперде тағу маңыздылығы жөнінде аудиохабарламалар беріледі.

Алматы әкімдігінің мәліметі бойынша, тұрғындардың сұранысын толық қаматамыз ету үшін қалаға шамамен мыңға жуық автобус қажет. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр. 2021 жылы коммуналдық автопаркке газбен жүретін жаңа 150 автобус пайдалануға берілді. Жыл аяғына дейін тасымалдаушылар тағы 200 жаңа автобус сатып алуды жоспарлап отыр.




Көрілген: 1060    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.03.2021, 13:42

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31