Мәселе

Алматыда қоқыс жинаушыны ұрып, мүгедек қылғандар жазадан құтылып кетуі мүмкін

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Алматыда қоқыс жинаушыны ұрып, мүгедек қылғандар жазадан сытылып кетуі мүмкін. Оның осылай деген туыстары істің бұрмаланып жатқанын айтып шағымданды.


Дәрігерлер әзер дегенде аман алып қалған Сырлан Омаров соққыдан кейін өздігінен қозғала алмай қалған. 15 күн комада жатқан жігіт тек тыныштандыратын дәрілердің көмегімен ғана жан сақтап жүр. Ал Сырланды соққыға жыққандар қазір бостандықта жүрген көрінеді.


- Есімді жисам, палатада жатқанымды бір-ақ білдім. Мен қайда жатырмын дедім. Ауруханада дегеннен кейін бір-ақ білдім. Не болғанын да білмеймін...


Сырлан Омаров сәуірдің 26-сы күні болған оқиғаны есіне түсіре алмай жыларман күйде. Жұмысқа сап-сау кеткен ол 15 күннен соң есін әзер жиған. Оның өзінде туыстарын тек 1 айдан соң әзер таныпты. Дәрігерлер оны тірі қалады деп ойламаған. Себебі, оңбай соққыға жығылған жігіттің бас сүйегі жартылай сылынып түскен еді. Ал болған оқиға бүкіл әлеуметік желіні шулатқан еді. Тұрғын үйлердің маңында қоқыс тазалап жүрген жұмысшыларды 4 бірдей бұзақы жабылып ұрған. Қып-қызыл төбелес таспаға түсіп қалған. Кадрде көрініп тұрғандай, бұзақылардың бірі Сырланды оңдырмай сұлатқан. Сонда қоқыс жинаушыларды жұдырықтағандар жаппай қамауға алынған болатын. Бірақ қазір іс мүлдем басқаша өрбіп жатыр екен.


Бибігүл Әлішерова:


- Басында ауыр жарақат деп шығарып берген. Енді бүгін барсақ, бұны байқаусызда өзі құлады деп айтып отыр. Ұрғаннан емес, өзі байқаусызда құлап, басынан ауыр жарақат алды деп шығарып беріп отыр. Ол ешқандай дұрыс емес. Өйткені олар ұрды. Видеода көрініп тұр. Бұлар жұмыс істеп жатыр. Төртеуі бірдей келіп, бұларға тиіскені анық көрініп тұр. Бірақ оның ешқайсысын ескеріп жатқан жоқ.


Тергеушінің қабылдауында болған жігіттің жұбайы әлгілердің әкімшілік айыппұлмен құтылғалы отырғанын айтады. Ал білдей бір отбасының асыраушысы қазір өздігімен жүріп-тұра алмайтын жағдайда. Бас сүйгенінің жартысы жоқ. Соққыдан сынған сүйектің орнын терісі ғана жауып тұр. Соның кесірінен күніне бірнеше мәрте талмасы ұстап, тілін жұтып қоя жаздайды екен. Сондай, есінен тана жаздайтын жағдай біздің көзімізше де болды.


Бибігүл Әлішерова:


- Бостандықта жүргендер жазасын алса деймін. Тек қалталылардың ғана сөзі жүрмесе екен деймін. Білдей азаматым, үйімнің асыраушысын мынадай жағдайға түсірді. Ештеңеге жарамсыз етіп қойды.


Оқиға мына қоқыс жәшіктерінің жанында болған. Істің бұрмаланып жатқанын айтып, жыларман болған отбасы сол күнгі жайтты ұялы телефонына түсірген кісіні іздеп тапқысы келеді. Себебі, таспадағыны теріске шығарғандар тым болмағанда куәгердің сөзіне тоқтайтын болар деп үміттенеді.


Ал дәрігерлер оның енді өмір-бақи мүгедек боп қалатынын айтқан. Өйткені мұндай бас жарақаты жазылмайды екен. Яғни 38-жастағы атпалдай азамат енді жұмысқа шыға алмайды деген сөз.


Бірақ осыған қарамастан бастапқыда қамауға алынғандардың төртеуін де босата салған көрінеді. Ал жұмысшылардың бар кінәсі «көлігіңді ала тұр» дегенінде. Темір тұлпар жәшіктің алдын жауып тастаған. Алайда, таң атпастан бас жазып отырған төртеу төбелес бастаған.


Жалпы, қоқыс жинаушылар көліктердің кесірінен күнде жәшікке жете алмай қиналады екен.


Әлішер Қасымов, «Тәртіп» АҚ кәсіподақ ұйымының төрағасы:


- Контейнерлердің жанына халық көліктерін қойып тастайды. Жол полициясы, ішкі істер басқармасы Алматы қаласының осыған көңіл бөлсе екен.


Келіншек сотта бір көмегі болар деген үмітпен сол күні киген кіимдерін де тастамай жүр екен. Ондағы қан іздері жігіттің соққыға жығылғанын дәлелдейді деп сенгісі келеді.


Жалпы, тазалықшылардың алматыда таяқ жеуі бірінші жағдай емес. Бұған дейін де, жол бойын қоқыстан тазалап жүрген жұмысшыны автобус қағып кеткен. Үш күн бойы комада жатқан әйел ақыры мүгедек боп қалды. Кейін белгілі болғанындай, жүргізуші телефонды қызықтап отырған екен. Онда зардап шеккендер ешкімнің жазаға тартылмағанын айтып қапаланған.


ktk.kz





Көрілген: 694    Пікірлер: 0

сенбі, 27.07.2019, 22:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31