Мәселе

Алматыда қолөнершілер 30 жыл жарық, газ және сусыз өмір сүріп жатыр

  • Алматыда қолөнершілер 30 жыл жарық, газ және сусыз өмір сүріп жатыр

    Алматыда қолөнершілер 30 жыл жарық, газ және сусыз өмір сүріп жатыр

Алматыда Көкшоқы шағын ауданында қолөнермен айналысатын тұрғындар көпқабатты үйде көмір жағып, суды өзеннен тасуға мәжбүр. Олардың пәтері орталықтандырылған кәріз жүйесіне және электрмен жабдықтауға қосылмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Бұрын "Шеберлер ауылы" деп аталған жерге Қазақстанның әр түкпірінен қолөнер шеберлері жиналған. Олардың арасында "Қазақфильмге" деректеме әзірлеген Марат Бозымбаев та бар.

"Екі жыл бұрын газ құбырын жүргізді, бірақ үйге сол күйі қосылған жоқ. Міне 30 жылдан бері балаларымыз, әйелдеріміз үйді көмірмен жылытуға мәжбүр. Өзімізге тамақ та пісіре алмаймыз. Орта ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Ауылда ешқандай жағдай жоқ. Әкімдіктен проблемамызды шешуді сұраймыз", - деді тұрғын Марат Бозымбаев.

Көкшоқыдағы жалғыз су көзі - колонка. Тұрғындар ұзын-сонар кезекке тұрып су тасиды. Судың сапасы да нашар.

Алты жыл бұрын ауылды қаланың Бостандық ауданына қосқан. Алайда тұрғындар содан бері шенеуніктер кабинетінің табалдырығын тоздырды, нәтиже жоқ.

Ал жергілікті билік жолға асфальт төсеп, жарық өткізуді келесі жылға жоспарлап отыр. Көкшоқы тұрғындарына тек күту керек.

 

 




Көрілген: 282    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.09.2020, 10:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31