Мәселе

Алматыда кортеж үшін басы дауға қалған полицей жаңа қызметке тағайындалды

  • Жанболат Зиадин. Видео: ktk.kz сюжетінен

    Жанболат Зиадин. Видео: ktk.kz сюжетінен

2020 жылы басы дауға қалып, қызметінен босатылған Алматы криминалдық полициясының бұрынғы басшысы Жанболат Зиадин Талғар аудандық полиция басқармасының бастығы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

 

Ол бұл лауазымға ақпада тағайындалғаны белгілі болды.

 

"2020 жылдың сәуірінде Зиадин карантин нормаларын бұзғаны үшін Алматы ПД криминалдық полиция басқармасының басшысы қызметінен босату түрінде тәртіптік жауапқа тартылды.

 

Еңбек кодексінің 65-бабы, 3-тармағына сәйкес "әрбір тәртіптік теріс қылық үшін қызметкерге тек бір тәртіптік жаза қолданылады". Полиция полковнигі Зиадин әртүрлі басшылық қызметті атқарды, ішкі істер органдарында үлкен жұмыс тәжірибесі бар (20 жылдан астам).

 

Сонымен қатар, Зиадиннің Талғар АПБ бастығы лауазымына 2021 жылы 5 ақпанда тағайындалғанын хабарлаймыз. Бұл лауазым бұрын босатылған қызметінен бір саты төмен", - деді департаменттің баспасөз қызметіндегілер.

 

Еске салайық, 2020 жылы сәуірдің ортасында әлеуметтік желілерде элиталық автомобильдердегі бір топ адам түсірілген видео пайда болды. Олар Алматыдағы блокбекеттен тойға бару үшін кедергісіз өтіп кетеді. Видео авторы роликті әлеуметтік желілердің біріндегі парақшасында жариялады.

 

 




Көрілген: 823    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.04.2021, 11:32

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31