Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматыда локдаун болуы мүмкін бе?

20 қазан 2020, 17:32

Қазір ауру көрсеткішін өсірмеу үшін барлық шара қабылданып жатыр. 

Алматыда қандай ахуал болған жағдайда локдаун енгізілетінін қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Барлығы қаладағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты. Халыққа қауіпсіздік шараларын түсіндірудеміз. Сонда да заңбұзушылықтар болып жатыр. Егер маскалық режим сақталса, әлеуметтік қашықтық күшінде болса, адам көп шоғырланған жерлерге бармайтын болсақ, онда эпидахуал тұрақты болады. Қазір ауру көрсеткішін өсірмеу үшін барлық шара қабылданып жатыр. Алайда көп нысандар қауіп тобына жатады. Бұл караоке, бар, бильярд тағы басқа нысандар. Осындай нысандарға баруды доғара тұрсақ, локдаун енгізілмейді», - деді қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Бұған дейін ол Алматыда ауру көрсеткіші ақырындап өсіп келе жатқанын айтқан болатын. Сондай-ақ бас санитарлық дәрігер шетелге барудан уақытша бас тартуды ұсынды. Айта кетсек , Алматыда ПТР талдауының қуатын тәулігіне 22 мыңға жеткізу көзделіп отыр.