Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматыда митингіге трансгендер ретінде киінген ер адамды ұрып-соғып кетті (видео)

01 қараша 2020, 10:53

Алматыда 31 қазан күні бейбіт митинг өтті. Митингіде трансендер образындағы ер адам Юрий Толочко ерекше өзге түсті. Онда жиналғандар әйел бейнесіндегі ер адамды ұрып-соғып, қысымға алды. Ал Юрий Толочко трансгендерлердің құқығын қорғағысы келеді.

Алматы қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы алаңда саяси тұтқындарды босату талаптарымен санкцияланған митинг өтті. 
Митингіге келушілер саяси тұтқындарды босатуды, парламенттегі жас депутаттардың санын көбейтуді, мемлекеттік басылымдарда митингілер мен тұтқындалғандарды жариялауды талап етті.

Митингіде әйел болып киінген Юрий Толочконы көпшілік қыспаққа алды. Оның ортадан кетуін талап етіп, ұрып-соқты.

Қанжоса болған Юрий желіде үндеуін жолдады. Ол трансгендерлердің құқығы үшін күресетінін мәлімдеді. 

"Мен митингіге трансгендерлердің құқықығын қорғау үшін келдім. Оларға әрдайым қысым болатыны түсінікті. Біздің қоғам оларды қабылдамайды. Оларды ұрып-соғады. Менің де бүгін мұрным сынып, бас-ми жарақатын алдым. Мен ер адаммын. Трансгендер емеспін. Маған әйелдер ұнайды, бірақ мен барлық адамның құқығы тең болғанын қалаймын. Қанша трангендер қараңғыда жүр. Адамдардан жасырынып жүр. Олар мен секілді ашық шыға алмайды. Барлық адам өзінің жаратылыс үшін ұялмауы керек. Мен енді бұдан әрі қарай да күресетін болам. Бұрын ЛГБТ мүшесі емес едім, енді соның мүшелігіне кірем", - деді Юрий.

Митинг ұйымдастырушылар Толочконың митингке шығуы жоспарланған арандатушылық болуы мүмкін деп мәлімдеді.

"Толочконы кім ұрды? Мен ұйымдастырушы ретінде осы адамды тауып, оны әкімшілік жауапкершілікке тартуын сұраймын. Мен құқық қорғаушымын және мен үшін барлық азаматтардың құқықтары мен бостандығын құрметтеу өте маңызды. Дискриминация және саяси жағдай қолайсыз. Біз барлығымыз саясатта ұзақ уақыт жүрдік, интернетті оқимыз және арнайы қызметтің барлық әдістерін жақсы білеміз", - деп жазды Facebook-те митингтің ұйымдастырушысы Бақытжан Төреғожина.

Егер бұл арандатушылық болса, онда арандатушылық сәтті болды, - дейді интернет қолданушылары.

"Олар құқықтар мен бостандықтар үшін жорыққа шығып, өз құқықтары мен бостандықтары ұнатпаған адамды бірден ұрып тастады", "Нелерін кетер еді. Өз ойын білдірсе оның де құқығы бар шығар, ойын айтқызу керек еді", - деп жазды олар.