Мәселе

Алматыда пәтерді залалсыздандырған анасы мен ұлы уланып қалды

  • https://www.vesti.ru/

    https://www.vesti.ru/

Алматыда әйел адам мен оның 30 жастағы ұлы үйлерін жәндіктерге қарсы дәрімен залалсыздандырғаннан кейін жан сақтау бөліміне түсіп қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыдағы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде олардың зардап шеккендер "Палач" деп аталатын ресейлік өнімді қолданғанын айтты. Удың құрамына орташа қауіпті заттар кіреді.

Өнім нұсқаулығында оны тек үйде ешкім жоқ кезде, бөлме терезесін ашып қойып қолданылу керек екені жазылған. Залалсыздандырғаннан кейін, дәрі себілген барлық жер сабын мен сода ерітіндісімен тазалалануы қажет еді.

Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккен анасы мен ұлы қауіпсіздік ережелерін бұзғандықтан, жәндіктерге арналған дәрі-дірмекпен уланып қалған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыда анасы мен ұлының уланғаннан кейін жан сақтау бөліміне жатқызылғаны туралы хабарланған болатын.

Науқастардың жағдайы ауыр болғаны сонша, олардың өкпелері істен шыққан. Зардап шеккен ананың қызы пәтердің ішінде бірнеше ғана сағат болған. Алайда оның көру қабілеті күрт нашарлапт қалған.

Кейін ақ халаттылар әйел мен оның ұлының әлі де жан сақтау бөлімінде екенін айтты. Олар өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

 




Көрілген: 317    Пікірлер: 0

жексенбі, 08.12.2019, 11:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31