Алматыда тағы бір көше уақытша жабылады

17 мамыр 2021, 23:06

Алматыдағы Шокин көшесі бірнеше ай бойына уақытша жабылады, деп хабарлайды zakon.kz.

 

"Алматы жылу желілері" ЖШС-нің ақпараты бойынша, 2021 жылдың 24 мамыры мен 20 қыркүйегі аралығында Шафик Шокин көшесінің Қарасай батыр көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі аралығы жабылады.

 

Бұл шектеулер осы көшенің бойымен өтетін жер асты магистральды құбырын жоспарлы ауыстыру жұмыстарымен байланысты енгізіледі.

 

Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін, қазір салынып жатқан уақытша ыстық сумен жабдықтау сызбасы бойынша басқа көзден үйлерге ыстық су беріледі.