Мәселе

Алматыда той көйлегін киген ару пикетке шығып жанайқайын айтты (видео)

  • Фото: Instagram/sabina_sanber

    Фото: Instagram/sabina_sanber

Алматылық бойжеткен "Тұрмысқа шығу керек" деген жазуы бар плакатпен бір адамдық пикетке шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Алматылық Сабина Санбер қолына плакат ұстап, жұрт алдына шығуының себебін түсіндірді.

 

"Тұрмыс құру керек дейді. Не үшін? Шынымды айтсам, қазір бұл көпшілік үшін үлкен мәселе. Адамдар үйлену керек болғандықтан ғана шаңырақ көтереді. Қыз 25 жастан асып, әлі тұрмыс құрмаса, қоғам оның "отырып қалғанын", енді ешкім тұрмысқа шығуға ұсыныс жасамайтынын айтып, қысым жасайды. Бұл маған ұнамайды. Менің жасымды естіген кез келген адам әлі тұрмысқа шықпағаныма таң қалады. Одан кейін "уақыт келді" деген әңгімелер басталады. Бұл сурет арқылы әлеуметтік стандарттарды мазақ еткім келеді, өйткені тұрмысқа шығудың нақты белгіленген уақыты жоқ. Отбасын сіз дайын болған кезде және сүйікті адамыңызды жолықтарған уақытта құру керек" , - дейді ол.

 

Сабина жасының нәбәрі 26-да екенін, көрікті, жеке кәсібі барын, ал мінезі анау айтқан шатақ емес екенін де атап өтті.

 

"Мен сияқтылар миллион. Әрбір ару өз адамын кезіктіргенде міндетті түрде тұрмысқа шығады. Тұрмысқа шығуды міндеттеп, бірінші кездескен адаммен отбасын құруға итермелеудің қажеті жоқ. Күннен-күнге елімізде ажырасқан адамдар саны артуда. Балалар толық емес отбасында өсуде. Бұны дұрыс деп ойлайсыз ба? Сондықтан өтінем, бұлай талқылауды доғарыңыздар. Тұрмысқа шығу керек болғандықтан емес, махаббатыңызды жолықтырған кезде шығыңыз", – дейді Сабина Санбер.

 

 

 




Көрілген: 1159    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.06.2021, 17:48

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31