Алматыда уақытша ұстау изоляторынан 91 адам босатылды

16 қаңтар 2022, 21:11

Алматыда уақытша ұстау изоляторынан 91 адам босатылды. Бұл туралы Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Прокурорлар Президент тапсырмасына сәйкес, ауыр қылмыстары жоқ адамдарға жазаны жеңілдету бойынша тиімді іс-шаралар қабылдады. Жасалған құқық бұзушылықтарды лайықты бағалаймыз. Осы жағдайлардың барлығын ескере отырып, қала прокуратурасы 71 адамға әкімшілік жазаларды жеңілдетті. Біз уақытша ұстау изоляторынан 91 адамды босаттық», - деді ол Хабар 24 телеарнасының тікелей эфирінен.

 

Қала прокуроры бұл бағыттағы жұмыстың жалғасатындығын атап өтеді.

 

«Қаладағы Интернет желісі қалпына келтірілді. Азаматтық қоғамның барлық институттары жұмыс істейді. Қалада терроризмге қарсы операция жалғасуда. Барлығыңыздан коменданттық сағат талаптарын сақтауды сұраймын», - деді Берік Жүйріктаев.