Мәселе

Алматыдағы атыс: Депутат шұғыл банктердің мүмкіндігін шектейтін заң жобасын әзірлеуді ұсынды

  • Алматыдағы атыс: Депутат шұғыл банктердің мүмкіндігін шектейтін заң жобасын әзірлеуді ұсынды

    Алматыдағы атыс: Депутат шұғыл банктердің мүмкіндігін шектейтін заң жобасын әзірлеуді ұсынды

Мәжілістің депуттаттары Алматыда болған қанды оқиғадан кейін "Жеке тұлға банкроттығы" туралы заң жобасын әзірлеуді талап етті. Оған сәйкес, кредит ставкасы төмендетілуі тиіс, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Депутат Андрей Линниктің айтуынша, болған жағдай тек полиция тарапынан ғана емес, қаржы реттеушілердің де мұқият зерттеуінен өтуі тиіс. 

 
“Бұл жағдайға борышкердің жалғыз баспанасынан айырылуы себеп болып отыр. Банк кепілдегі мүлікті меншігіне алу кезінде құнын бірнеше есе төмендеткен. Осындай оқиғаға кәсіп ашқысы келген немесе жай ғана кредит алған көптеген азамат ұшырайды. Кейде көптеген борышкер суицидке дейін барады. Ал бұл жағдайда борышкер басқа адамдарға оқ атты. Бұл халықтың қыруар қарызға батқанын, бұл мәселеге тез арада назар аудару қажеттігін көрсетеді. Ұлттық банктің жоғары базалық ставкасы, осындай дауларға қатысты әділетсіз сот шешімдері, сот орындаушылары мен банк қызметкерлерінің алдын ала сөз байласуы жағдайды одан сайын ушықтырып отыр", - деді мәжілісмен. 

Андрей Линник "Ақ жол" фракциясы 2014 жылдан бері бұл заң жобасын ұсынып келгенін жеткізді. Бірақ үкімет заң жобасын қабылдауды үнемі кейінге қалдырған. Құжат банкротқа ұшыраған азаматтардың баспанасыз қалмауына мүмкіндік бере алады. 

"Кешегі қанды оқиғадан көз жұмған адамдар мыңдаған шағын кәсіпкер мен қарапайым борышкерлер жағдайына немқұрайлы қараудың салдары. Банктің әрекетін түсінуге болады, өйткені олар ақша тапқысы келеді. Бірақ борышкердің кепілдегі мүлкін тәркілеу кезінде бағалау құнынан ауытқу 10-15%-тен аспауы керек деп санаймыз. Біріншіден, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне қарыз алушылардың заңды құқықтарына қысым жасауына жол бермей, банктердің мүлікті бағалауын төмендету мәселелерін шұғыл пысықтауды, кепілге салынған мүлікті өткізу кезінде банктердің лауазымды адамдарының және сот орындаушыларының сөз байласуын болдырмауды, болашақта осындай қайғылы жағдайдың алдын алу үшін "Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы" заң жобасын жедел әзірлеуді ұсынамыз", - деді депутат. 

Еске салсақ, 20 қыркүйек күні Алматының Алатау ауданындағы Ақбұлақ ықшам ауданында бес адамның өлтірілгені туралы белгілі болған. Ресми деректерге сүйенсек, сот шешімін орындаушылар екі адамның меншік құқығына қатысты дауға байланысты күдіктінің үйіне келген. Сот шешімін естіген азамат үйінен  қару алып шығып, сот орындаушысына, учаскелік полиция инспекторларына және аулада болған басқа адамдарға қарудан оқ жаудырды. Нәтижесінде бес адам көз жұмған. Оның ішінде үйдің жаңа иесі мен тағы бір тұрғын бар.

21 қыркүйекке қараған түні Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы жаппай кісі өлтіру болған Алматыдағы үйден бір отбасын шығару жағдайында атқарушылық өндіріс екі жеке тұлғаның дауы болып табылатынын мәлімдеген. 

Stan.kz




Көрілген: 404    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.09.2021, 14:40

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31