Алматыдағы биологиялық зертханада Америка сынақ жүргізіп жатыр – СІМ жауабы

11 наурыз 2022, 18:46

Алматыдағы орталық анықтамалық зертхана АҚШ қаржысына салынған. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі orda.kz-ке сілтеме жасап.

«Өздеріңіз білесіздер, бізде Алматыда Орталық референттік зертхана бар. Бұл зертхана АҚШ қаражатына салынды және жабдықты солар қамтамасыз етті. Бірақ бұл зертхана толығымен Қазақстан Үкіметіне берілді. Қазір Қазақстан өз зерттеулері мен ғылыми әзірлемелерін осы зертханада жүргізеді. Американдық немесе басқа елдердің ғалымдары онда ешқандай сынақ жүргізбейді. Осы зертхананың арқасында біздің QazVac коронавирусқа қарсы вакцина әзірленді» деді Мұхтар Тілеуберді.

 

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Виктория Нуланд Украинада биологиялық зерттеу нысандары бар екенін, қазір Киев пен Вашингтон онда жинақталған материалдардың ресейлік күштердің қолына өтуіне жол бермеу үшін жұмыс істеп жатқанын айтқан. Сенаттағы тыңдау кезінде оған Украинада химиялық не биологиялық қару бар ма деген сұрақ қойылды.

 

 «Украинада биологиялық зерттеулерге арналған қондырғылар бар. Біз ресейлік әскерлер оларды бақылауға алуға әрекеттенуі мүмкін деп алаңдаймыз. Сондықтан біз украиндықтармен осы зерттеу материалдарының кез келгенінің ресейлік күштердің қолына түсуіне жол бермеу үшін жұмыс істеп жатырмыз» деп жауап берді Нуланд.

 

Ал Ресей Қорғаныс министрлігі Америка Украинадағы биологиялық зертханаларды пайдалануға 200 млн доллардан астам қаражат жұмсағанын хабарлаған.