Мәселе

Алматыдағы дәрігерлер ісі: Күдебаев қызметінен шеттетілген жоқ – ІІМ

  • © Sputnik / Ксения Воронина

    © Sputnik / Ксения Воронина

Алматы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев аттестацияға дайындалып жатыр. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Әрине, ол жұмыста. Қызметінен шеттетумен байланысты шаралар жоқ. Ол аттестацияға дайындалып жатыр. Аттестация келесі аптадан басталады", - деді Калайчиди сенат кулуарында.


Ол Күдебаевтың отбасындағы трагедияға байланысты еңбек демалысына шықпағанынын атап өтті.


Еске сала кетсек, Алматының бас полицейінің ұлы Нұрсұлтан Күдебаев жол апатына ұшырап, осы жылдың 27 тамызында Германиядағы емханалардың бірінде көз жұмды. Бұған дейін ол Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханада ем алған.


Осыдан кейін аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев пен анестезиолог Асқар Тұңғышбаев кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамады деген күдікпен қамауға алынды. Алматылық дәрігерлердің ісіне Қазақстан президенті араласып, дәрігерлер босап шықты.


Оларға Қылмыстық кодекстің 317-бабы, 3-бөлігі "Медициналық немесе фармацевтикалық қызметкердің кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы" бойынша айып тағылып отыр.


Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев дәрігерлердің қамауға алынуына Алматы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың қатысы жоқ екенін мәлімдеді.


 




Көрілген: 397    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.10.2019, 15:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан, 09:07
    2020 жыл. Нумеролог не дейді?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31