Мәселе

Алматыдағы қисайған үй бойынша зерттеу нәтижелері шықты

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев «Зерделі–6» шағын ауданында қисайған көпқабатты үйдің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Зерделі– 6» шағын ауданындағы №179 үйдің тұрғындарымен өткен кезекті кездесу барысында ҚазҚСҒЗИ-ның зерттеу нәтижелері жария етілді. 2019 жылдың соңғы айларында басталған үйдің негізі мен тірек конструкцияларын жүйелі түрде зерттеу, ғимараттың күн сайынғы қисаюын өлшеу және оның мүмкін болатын серпінін қадағалау ҚазҚСҒЗИ зертханасының мамандарына осы үйде тұру қауіпсіздігіне қатысты алдын ала қорытынды беруге мүмкіндік берді.

Мамандардың мәліметі бойынша, қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін үй одан әрі пайдалануға жарамды болады. Осы жылдың ақпан айында ҚазҚСҒЗИ АҚ-ның қорытындысы мен ұсынымы негізінде құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау жоспарланып отыр. Онда қарама-қарсы жағынан топырақты алу арқылы үйдің қисаюын жою бойынша жұмыстар жүргізілмек.

Одан әрі үйдің іргетас тақтасына байланыстыра отырып, үй периметрі бойынша бурабивті қадалар орнату арқылы үйді тіктеп нығайту бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Одан кейін су бұру жүйесінің құрылғысымен қалпына келтіру жұмыстары қолға алынады.

«Қазір ұсыныстар бойынша ҚазҚСҒЗИ-мен келісе отырып, жұмыс өндірісінің жобасы әзірленбек. Ғимараттың іргетасын күшейту, қисаюдың алдын алу және жою жөніндегі одан арғы барлық жұмыстар ҚазҚСҒЗИ-дің құрылыс саласындағы, оның ішінде сейсмикалық қауіпті аймақтардағы проблемалармен айналысатын Қазақстандағы жалғыз мемлекеттік мекеменің бақылауымен жүргізілетін болады. Институттың бұл салада 87 жылдық тәжірибесі бар», — деп атап өтті Алматы қаласының жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Қуандық Айтмағанбетов.

Мамандардың пікірінше, қисайған үйдің барлық проблемаларын түпкілікті шешілуіне көз жеткізбейінше, бұл жұмыстар үш айға дейін созылуы мүмкін.

Сонымен қатар, Зерделі ықшам ауданындағы барлық 32 үй бойынша зерттеу жүргізіліп, ҚазҒЗИ-дің ұсынымдары шықпақ.

Қазіргі уақытта барлық тұрғындар қала әкімшілігі есебінен жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Адамдарға балаларын балабақшалар мен басқа да білім беру мекемелеріне орналастыруға көмек көрсетілуде. Осы уақыт аралығында тұрғындар арасында туындаған барлық мәселелерді шешу үшін арнайы штаб құрылып, жұмыс істеуде.

 




Көрілген: 302    Пікірлер: 0

сенбі, 18.01.2020, 18:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29