Алматыдағы миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығында неліктен ұзын-сонар кезек пайда болды

17 мамыр 2022, 18:41

Желіде Алматыда миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығындағы ұзын-сонар кезектің видеосы пайда болды. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мекеме алдында адамның көптеп жиналу себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Алматыдағы миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығындағы ұзын-сонар кезектің видеосы Instagram-дағы kris_p_brothers_official паблигінде жарияланды.

 

Автордың айтуынша, кезекте тұрған адамдардың құжаттарын тапсыра алмай жүргеніне екінші күн.

 

Мән-жайды "Азаматтарға арналған үкімет" түсіндірді.

 

Ведомствоның мәліметінше, бүгінде миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығында Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат алғысы келетін немесе жұмыс істеуге рұқсат беретін құжатты ұзартуды көздейтін шетел азаматтары көптеп келуде және бұл маусымдық құбылыс болып табылады.

 

Белгілі болғандай, бұрын шетелдіктердің жұмыс істеуіне қажетті құжаттарды Ішкі істер министрлігі рәсімдесе, 2021 жылдың 16 мамырынан бастап бұл қызмет Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілген.

 

"Осыған байланысты, кейбір жағдайда клиенттердің төлқұжат деректеріне түзету енгізу керек. Біз миграциялық халыққа қызмет көрсету орталықтарында қызмет көрсетуді жеделдету үшін бар күшімізді салып жатырмыз. Құжаттарды қабылдайтын қызметкерлер саны өсті. Клиенттерден бұл жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы.