Мәселе

Алматыдағы Нұр-Мүбәрак мешітінде бозбаланы зорлаған – заңгер

  • Көрнекі фотосурет. © azattyq-ruhy.kz

    Көрнекі фотосурет. © azattyq-ruhy.kz

Танымал заңгер Айман Омарованың айтуынша, Алматыдағы Нұр-Мүбәрак мешітінде 18 жастағы бозбаланы күзетші зорлаған. Бұл туралы ол өзінің Facebook-парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.

 

Оның сөзінше, зәбір көрген баланың тілінде мүкістігі, дамуында аз ғана тежеу бар. Бірақ, өзіне зорлық көрсеткен адамды ол дереу таныған. Заңгер енді күдікті бостандыққа шығып кете ме деп қорқады.

 

«Күдікті баланы мешіттегі өз бөлмесіне алып кірген де, аяқ-қолын байлап отырғызып қойған. Осындай жағдайда оны ұзақ ұстаған. Азғындық көрсеткен, зорлаған, ұзақ уақыт қорлаған. Міне, енді осындай адамды Бостандық аудандық полиция басқармасы босатып жібермекші. Дәлел жинау үшін уақыт керек дейді. Бірақ, жәбірленуші оны бірден таныды, одан артық не дәлел керек екенін түсінбеймін», - деді Айман Омарова.

 

Заңгер басқа емес, дәл мешітте осындай зорлықтың болғанын естігенде шошынғанын айтып отыр. Айтуынша, күдікті баланың дамуында тежеу бар екенін біліп, сол жағдайды пайдаланған екен.

 

 

 

 

 




Көрілген: 1899    Пікірлер: 0

сенбі, 10.07.2021, 11:41

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30