Мәселе

Алматыдағы «Саяхат» автобекеті қаңғыбастар мекеніне айналды

  • https://24.kz/kz/

    https://24.kz/kz/

Алматыдағы «Саяхат» автобекетінің аумағы қоқысқа толып, қаңғыбастар мекеніне айналған. Көпшілікке танымал ғимарат 13 жыл бұрын сүрілген еді. Тұрғындар жергілікті биліктен көмек сұрап шаршағанын айтады.

 

Әкімдік ескі бекеттің қоқысқа толған аумағына назар аудармайды. Ол жер біраз жылға көтерме базарға жалға берілген.

 

Алматыдағы алғашқы автобекеттің бірі «Саяхат» 2008 жылы сүрілген еді. Қоғам белсенділерінің қарсылығы қала әкімдігін райынан қайтара алмаған болатын. 1967 жылы салынған нысан қаланы Алматы облысымен және Шығыс Қазақстанмен байланыстырып, автобустар саны 500-ге дейін жеткен.

 

Тарихи нысанның сүрілген аумағы 13 жылдан бері қоршаулы тұр. Қақпасы ашық болғандықтан қаңғыбастар мекендеп, қоқыс алаңына айналған. Тұрғындардың тынышын алған да осы. Әкімдік болса қараусыз аумақты жауып тастау туралы арыздарын ескермей келеді.

 

Данияр Ахметов, тұрғын:

 

- Бұл аумақты әрі-бері өткен адамдар мен қаңғыбастар қоқыс алаңына айналдырып болды. Тіпті дәрет сындырып кетеді. Бұл жерді жауып тастау керек.

 

Алла Ванина,  тұрғын:

 

- Мұнда әкімдік өкілдері бірнеше рет келіп кетті. Бірақ ешқандай шара қолданбайды. Соңғы кездері назар аудармайтын болды.

 

Тұрғындардың мәліметінше, мұнда жаңа автобекет салынуы керек болған. Сол үшін аумақтағы жеке үйлер де сатып алыныпты. Құлағалы тұрған ескі үйлер жылу, электр қуаты мен ауыз суынан ажыратылған. Бірақ сүрілмей қалған үйлерді келімсектер уақытша мекендеп жүр.

 

Сонымен қатар қоқысқа толы аумақтың ортасында белгісіз мекеме жұмыс істеп тұр. Тұрғындар болса, терезелері торланып, аты-жөні жазылмаған ғимарат есірткіге тәуелділерді оңалту орталығы дейді.

 

Майя Саттарова, тұрғын:

 

- Өздеріңіз көріп тұрғандай мекеменің атауы, белгісі жоқ. Бірақ үнемі ауруларды әкеліп тұрады. Ескі ғимаратты жөндеуден өткізіп, бес айдан бері жұмыс істеп жатыр. Барсақ жауап бермейді.

 

«Саяхат» автобекетінің санитарлық талапқа сай келмейтін сүрілген аумағы жайлы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен сұрап едік, жауап беруден бас тартты.

 

Ал қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының мәліметінше, қоршаулы аумақ заңды тұлғаға тиесілі. Жаңа құрылыс салуға әзірге жобалық ұсыныс түспеген. Қоқыстың ортасындағы белгісіз мекеме 2018 жылы тіркелген «Sayahat Realty» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі, дейді басқарма өкілдері.

 

 

24.kz




Көрілген: 492    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.04.2021, 19:48

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30