Мәселе

Алматыдағы төбелес: Қатысушылардың бірі әйелдерді ұрғаны үшін кешірім сұрады (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы баспасөз мәслихатында болған төбелеске қатысқан ер адамның жағдайды баяндаған видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.



Видеода баспасөз мәслихатына қатысқандардың бірі Мұрат Пірмағамбетов әйелдердің алдында кешірім сұрады. "Өзіме сырттан қарадым. Бұлай болмауы керек, мен әйелге қол көтердім. Сол ісім үшін өкінемін. Менің әрекетімнен, ұстамсыздығымнан зардап шеккен әйелдерден кешірім сұраймын. Бәріңізден кешірім сұраймын", - деді ол. Бұған дейін желіде Мұрат Пірмағамбетовтің дәлізде әйелдерді ұрған сәтінің видеосы таралған болатын. Ал әйелдер жауап ретінде ер адамды ұруға тырысады. Әлеуметтік желілердегі мәлімет бойынша, Мұрат тыйым салынған ҚДТ ұйымының мүшесі және Алматыдағы түрлі митингілерге қатысқан.




Басқа бір видеода әйелдер баспасөз мәслихатына ҚДТ чатындағы хабарламаны көріп келгендерін айтады. Олар төбелестің неден шыққанын айтып берді. "Бәрі жаман аяқталды. Бірақ біз араңдатпадық. Егер зиян келтірсек, журналистер алдында кешірім сұрағымыз келеді. Біз өзіміз бастамадық, бізді итермеледі", - деді олар. "Біз төбелес болады деп ойламадық. Ол жақта аналарды қатты араңдатты, сондықтан олар төбелес шығарды".




Естеріңізге салсақ, 22 шілдеде Алматыда баспасөз мәслихаты кезінде әйелдер төбелес шығарған болатын. Бес адам полицияға арыз жазған. Сондай-ақ үш адам "іс-шара ұйымдастырушылары мен журналистер дене жарақаттарын келтіргенін" айтып арызданған. Енді сот-медициналық сараптама болады.


 




Көрілген: 637    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.07.2019, 12:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31