Мәселе

Алматыдан карантин қашан алынады - әкімдік жауабы

  • © Алматы әкімдігі

    © Алматы әкімдігі

Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов "қалада карантин қашан толықтай жойылады" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.

 

Оның айтуынша, жағдай жеткілікті түрде тұрақтанса, карантин жойылады.

 

Барлық карантиндік шараларды толығымен жою үшін төрт шарт сақталуы керек. Коронавирусты жеңу керек. Біріншіден, адам ішіне түскен коронавирус әбден өлгенде, яғни соңғы науқас емделіп, толықтай жазылған кезде. Екіншіден, өкінішке орай, коронавирус адаммен бірге өледі. Ондай да жағдай бар. Үшіншіден, зат беттеріне түскендері өлгенде. Төртіншіден, вакцина қашан ойлап табылғанда. Біз бәріміз осының барлығын асыға күтіп жүрміз. Сонымен бірге, біз барлық карантиндік шараларды - маска кию режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтауды жалғастыруымыз керек, - деді Қожағапанов.

 

Ол Жапония мен Корея сияқты елдерді мысалға келтірді.

 

Ондағы тіркелген жағдайлардың саны онша көп емес, өйткені эпидемия болмаса да, олар бетперде киіп, бір-бірімен байланыссыз амандасады. Егер біз біртіндеп осындай режимге ауысатын болсақ, басқа қарапайым вирустармен және аурулармен күресу бізге де оңайырақ болар еді, - деп сөзін түйіндеді ол.

 




Көрілген: 547    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.05.2020, 18:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Маусым, 10:49
    Той көбейсе, жан қайғы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31