Мәселе

Алматыға коронавирус келсе не болады?

  • Алматыға коронавирус келсе не болады?

    Алматыға коронавирус келсе не болады?

Алматыда өткен қоғамдық кеңес отырысында қала әкімінің орынбасары, штаб басшысы Ержан Бабақұмаров коронавирус жұқпасы Алматыға келген жағдайдағы «Б» жоспарымен бөлісті. Бұл туралы NEGE.KZ сайты хабарлайды. 

«Жергілікті масштабта Төтенше жағдай жарияланады. Халықты құлағдар ету үшін ахуал орталығы, сайт ашылады. Колл-орталық жұмыс істейді. Басында айтылған 3 санаттағы адамдармен жұмыс істеу үшін медицина мамандарын жұмылдыру қолға алынады. Одан бөлек үйлерде карантин бекітіледі. Адам қайтыс болған жағдайда оны жерлеу мәселесі де ерекше режімде ұйымдастырылады. Қоғамдық көлік жұмысы қайта қаралып, жұқпалы аурулардан зарарсыздандыру жүйесі орнатылады. Адам көп шоғырланған қоғамдық орындар мұқият тазаланады. ПИК жұмысы қайта үйлестіріледі», – деді ол.

Қала әкімінің айтуынша, Алматыда азық-түлік пен дәрі-дәрмекті үздіксіз жеткізу қолға алынады. Айта кету керек, Алматыда коронавирус инфекциясы зертханалық тестілеуде бір де бір адамнан табылмады. 




Көрілген: 255    Пікірлер: 0

жұма, 13.03.2020, 08:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31