Мәселе

Алматыға кіріп-шығуға кімдерге рұқсат беріледі?

  • © NUR.KZ/Петр Карандашов

    © NUR.KZ/Петр Карандашов

Оңтүстік астананың жедел штабы карантиндік аумақта жүріп-тұруға рұқсат берілген адамдардың тізімін кеңейтті. 

 

Бірақ олардың қолында соңғы 7 күнде коронавирусты жоққа шығаратын ПТР тесті тіркелген 201/у формалы анықтамасы болуы керек.

 

Келесі адамдар тобына қалаға кіруге және шығуға рұқсат берілді:

 

* Алматы қаласынан/қаласына ауысқан ҚР ҰҚК ШҚ әскери қызметшілері, сондай-ақ ҚР ҰҚК ШҚ үшін азық-түлік, материалдар жеткізуді жүзеге асыратын және де ҚР ҰҚК ШҚ объектілерін жөндеу мен салуды жүзеге асыратын мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері мен көлігі;

 

* ұйымдастырушылық-штаттық өзгерістерге байланысты лауазымдарға тағайындалған ҚР қорғаныс министрлігі әскери қызметшілері;

 

* ҚР ҚМ қолбасшылар басқармаларының әскери қызметшілері;

 

* қылмыстық немесе әкімшілік іс жүргізу шеңберінде жұмыс атқаратын құқық қорғау және арнайы органдардың күн тәртібі бар адамдар және олардың көлігі;

 

* Алматы қ. немесе басқа аймақтарда қамқоршыларсыз жүрген кәмелетке толмағандар, оның ішінде Алматы қ. немесе басқа өңірлерде жүрген кәмелетке толмағандарды көлікпен алып жүрген жақын туыстары;

 

* жақын туысының жерлеуіне қатысатын адамдар және олардың көлігі;

 

* медициналық ұйымдарда ауыр жағдайдағы жақын туыстарына баратын адамдар;

 

* ұйымдастыру-штаттық іс-шараларды жүргізетін әскери қызметшілер;

 

* әскери-медициналық қызмет өкілдері;

 

* өндірістік қажеттілік бойынша жұмысқа шақыртылған медициналық ұйымдардың қызметкерлері;

 

* Алматы қаласының шекарасынан тыс биологиялық материалды (қан, талдау және басқа) алуға қатысатын тұлғалар;

 

* науқасты тасымалдаған медициналық ұйымдардың қызметкерлері,

 

* вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлер;

 

* омарташылар;

 

* құрылыс-монтаж және жол-құрылыс ұйымдары;

 

* Алматы қаласында қызметіне рұқсат етілген ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері;

 

* гуманитарлық жүкті тасымалдайтын және алып жүретін адамдар мен көлік.

 

 

kaz.365info.kz




Көрілген: 1100    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.05.2020, 18:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30