Мәселе

Алматыға облыстан кімдер кіре алады: қала әкімдігі жауап берді

  • http://almaty-akshamy.kz/

    http://almaty-akshamy.kz/

Жұмысын жалғастыруға рұқсат берілген кәсіпорын қызметкерлері қалаға кіре алады. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің Facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

 

"Қозғалыс шектелген, облыс тұрғындары қатарынан жұмыс күшін тартуға рұқсат беріледі. Бастысы – кәсіпорынның қызмет етуге рұқсаты болуы тиіс", – дейді Тұяқбаев.

 

Облыста тұратын қызметкерлерге қалаға кіру үшін, компания басшылары infoalmaty.kz сайты арқылы өтінім беріп, жұмысшының ЖСН нөмірі мен бар болған жағдайда, автокөлігінің мемлекеттік нөмірін көрсетуі тиіс.

 

Қала әкімінің орынбасары мәлім еткендей, өтінім мақұлданғаннан кейін қызметкер блок-бекеттерде жеке куәлігін көрсетіп өте береді.

 

Сондай-ақ ол блок-бекеттерде бұл азаматтардан экспресс-тестілеу немесе ПЦР-тест нәтижелері талап етілмейтінін жеткізді.

 

Алайда, Тұяқбаев компанияларға қызметкерлерді тестілеуден өткізуге кеңес берді. Сондай-ақ ол ертеңнен бастап ірі ұйымдарда тестілеу жүргізілетінін атап өтті.

 

Ал саяжай иелеріне келетін болсақ, оларды өткізу бұрын қабылданған тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

 




Көрілген: 724    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.05.2020, 23:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30