Мәселе

Алматылық әнші күйеуінің өлтіруге әрекеттенгенін жайып салды (фото)

  • Көрнекі сурет.    © pravmir.ru

    Көрнекі сурет. © pravmir.ru

Алматылық әнші Ксения Ашигалиева күйеуінің оны алып қашып, өлтірмек болғанын айтты. Бұл туралы жазба Facebook-тағы "НеМолчи.kz" парақшасында пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


Ашық форумның мәліметінше, әйел адам жеті жыл отасқан жұбайынан қорлық көрген. Олардың екі баласы бар.



Қоғамдық ұйым анықтағандай, әнші жүйелі соққылар жайлы мәлімдеген. Сондай-ақ, ол күйеуінің барлық қаражатты өзіне алып, оның әр басқан қадамын аңдыйтынын айтты.


Ксения құқық қорғау органдарына жүгінген, бірақ полицияның ұйғарымы оны соққыдан сақтандырмаған. Ол балаларын алып, анасына кетіп қалған. Ұйымның хабарлауынша, алайда күйеуінің ата-анасы оны аңдып, қорқытып, қайтып оралуын талап етіп жатыр екен.


5 шілде күні әйел адам кезекті жанжалдан кейін ажырасуға арыз берген, дегенмен судья шешімді қарастыруға бір ай уақыт қажет екенін айтқан.


28 шілде күні жұбайы басқа адамдармен бірге алматылық келіншекті алып қашып, өлтіруге әрекет жасаған. Ұйымның мәліметтерінше, Ксенияға бір қыз қоңырау шалып, онымен вокал бойынша сабақ өткізуін сұраған. Ештеңе ойламастан әйел адам айтылған мекенжайға барды. "Оқушы" оны кіреберіс жанында қарсы алып, 3-ші қабатқа апарған.


"Осы уақытта оған екі жақтан шабуылдап, баснына үлкен қап кидірген. Бойжеткен бұл кезде қаша бастаған. Ксенияны екі ер адам жертөлеге апарар жолда ұрып-соққан", - делінген хабарламада.


Дауыстарға қарап, барлық іс-әрекеттерді оның күйеуі мен досы жасайтыны түсінікті болған. Жертөледе оның басынан қапты алып, өзін жерге лақтырған. Есеңгіреген әйел адам айқайға басқан.


"Ол оның дыбысын шығармау үшін бар жұдырығын аузына салып, тамағын қанатып жіберген (…). Ол оны ұрған. Келіншек өз өмірі үшін алаңдап, үйде балалар бар екенін айта отырып, оның барлық тілегін орындауға уәде берген", - деп айтылды ұйым жазбасында.


Ксенияның айтуынша, сол уақытта ол күйеуінің досымен бірге оның денесінен қалай құтылатынын талқылап жатқанын естіген. Ол күйеуінен бәрін доғаруды сұраған. Сол кезде жұбайы одан үйге қайтып оралуға және онымен бірге баруға уәде алған. Ксения келіскен.


Ал кіреберісте келіншек орындыққа жармасып, жанұшыра көмек сұрай бастаған. Оған өтіп бара жатқан адамдар көмекке келген.


Қазір кезде қатты қорқып қалған жас ана іс қайтадан тұрмыстық жанжал деп қарастырылуы мүмкін екенін ойлап, уайымдауда. Келіншек кез келген уақытта ұрланып, күйеуінің қолынан ажал құшудан қорқады.


Ұйым келіншектің атынан прокуратураға, ІІМ-ге, Алматы ІІД-ге жүгінген.


 




Көрілген: 563    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.07.2019, 11:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31