Мәселе

Алматылық әйел 9 миллион теңге беріп, махаббатынан айырылды

  • Алматылық әйел 9 миллион теңге беріп, махаббатынан айырылды

    Алматылық әйел 9 миллион теңге беріп, махаббатынан айырылды

Алматылық әйел бұрынғы сүйіктісін темір тордың аржағына қамауды көздеп отыр. Қала тұрғынының сөзінше, ер адам оны баспанасыз дала қалдырған. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап, Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Әсел Сағатова есімді әйел кредит алып, депозиттен 9 миллион теңге шешіп, сүйіктісіне берген. Ал жігіт өз кезегінде оған арзан бағамен үй алып беретінін айтқан. Алайда, ақша қолына тиісімен Сағатовамен байланысты үзіп, ізін суытқан.


Сағатова өзін алдап кеткен жігітпен интернет арқылы танысқан. Үш ай сөйлескеннен кейін онымен кездесуге бел буыпты. Жігітке қатты сенген әйел депозитте миллиондаған ақшасы бар екенін де айтып қойған екен.


"Кафеге шақырды, жұмысқа апарып, одан алып кетіп жүрді. Бизнесі бар екенін, оның құрдымға кеткенін, үйленбегенін, жанұялы болуды армандайтынын айтты", — дейді Алматы тұрғыны.


Осыдан кейін бұрынғы сүйіктісі Сағатоваға пәтер емес, 15 миллион теңгеге үш бөлмелі үй сатып алуды ұсынады. Сосын бизнесімен көмектессе, үйді беретінін, баспананы Сағатованың атына рәсімдейтінін айтқан.


Әйел өз үйін суреттен ғана көрсе де, депозиттен 9 миллион теңгені шешіп, 4 кредит алып, ер адамға берген. Қолхат жазғызып алу туралы ұмытып кетіпті, ақшаны бергені сол-ақ екен, сүйіктісі онымен байланысын үзіпті. Осыдан кейін Сағатова сүйіктісінің нағыз әйелқұмар адам екенін білген. Ол бір уақытта үш қызбен жүрген.


Сағатованың үш бөлмелі үйге кіру туралы арманы арман болып қалды. Ол үлкен баласымен бірге қала шетіндегі ағасының үйінде үшінші жыл тұрып жатыр. Баласы екеуі бір төсекте ас үйде ұйықтайды екен. Алданып қалған әйелдің айтуы бойынша, бұрынғы сүйіктісі жақында өзіне жаңа көлік сатып алған.


Сағатова ақшасын қайтарып алу үшін сүйіктісінің үйіне барған. Бірақ ол талпынысынан ешнәрсе шықпады. Ал, ер адам тілшілерге миллиондаған ақшаны қарызға алғанын айтты. Әділдік орнату үшін Сағатова полицияның көмегіне жүгінді. Алайда, тергеушілер осы оқиғадан қылмыс белгілерін байқамады.


"Алаяқтық фактісі жоқ. Екі жақ арасында азаматтық-құқықтық қатынастар орнаған. Өзінің ақшасын Сағатова азаматтық-құқықтық тәртіпте өкпелетушіні сотқа беріп, сот арқылы қайтара алады", — Алматыдағы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Әсел Сағатованың сөзінше, ер адам ешбір жерде жұмыс істемейді. Сондықтан әйел ақшаны қайтару процессі ұзақ жылға созылып кетеді ме деп қорқады.




Көрілген: 1178    Пікірлер: 0

жексенбі, 14.07.2019, 21:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан, 09:07
    2020 жыл. Нумеролог не дейді?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31