Алматылық жігіт "Чайка" қыздар жайлы айтты

Алматылық жігіт "Чайка" қыздар жайлы айтты

Алматы қаласының тұрғыны, өзін Айдос деп таныстырған 31 жастағы жігіт "елімізде жөні түзу қыз қалмады" деген пікірде. Айдос бүгінге дейін өзіне жолыққан қыздардың барлығында "қалай пайдалансам" деген ойдың тұратынын ашып айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Жасым отызға жеткенше көп жайтқа мән бермеппін. Талай қызға сөз салдым, талай қызбен кездестім. Мүмкін, дәм-тұзымыз жараспады, мүмкін, бұйырмады, әйтеуір өмірлік жарымды жолықтыра алмай жүрмін.
Қазір саралап қарасам, маған жолыққан қыздардың барлығында "қалай пайдалансам, қалай құрығыма түсірсем" деген ой тұрады екен.

Бір қызды ұнатып, қарым-қатынасты енді реттей бастасаң, оның "маскасы" шешіледі", - дейді ол.
Айдостың айтуынша, өзі айтарлықтай бақуатты емес, тұрмыс деңгейі орташа. Бірақ қыздар қауымының тілегін барынша жерге тастамаған.

"Өзімді сараң жігітпін демеймін. Әсіресе, қыздарға келгенде жомарттық танытамын. Мәселен, жақында бір қызбен танысып, сөз жарастыра бастадым.
Кейін ол маған "күнде бір шоколад әкеліп беріп тұрасың" деп тікесінен айтты. Әрине, әрі кетсе 200 теңге тұратын шоколадаты күнде апару маған қиын емес.

Бірақ өз ойын осылай дереу ашып айтқаны ұнамай қалды. Ол айтып, сыйын кетірмесе де, мен сыйлық апарудан шаршамас едім ғой", - дейді Айдос.
Жасы отыздан асып бара жатқан жігіт өзіне өмірлік жар іздеп жүр. Ол ибалы, мәдениетті қыз кездестіремін деген үміті басым екенін айтады.

"Тағы бір бойжеткен мені өзінің жеке жүргізушісі секілді ұстады. Шыны керек, алғашында ойланбастан оны қаланың о шетінен бұ шетіне тасып жүрдім.
Тіпті, басқа арам ой болған емес, тек, көңілінен шыққым келіп, бар айтқанын орындадым. Жүрегім қалап тұрған соң, оны өзіме адал жар етемін деп ойладым.

Бірақ оның ойы басқаша екен. Маған айтарлықтай көңілі болмаған. Тек "барып кел, шауып кел" деген шаруаларына жұмсап, көлігімді пайдаланған.

Қыз баланы ренжіткен емеспін. Шамам келгенше жағдайын жасап, сыйлауға тырысамын. Артық сөз айтып, қатты кеткен жерім де жоқ.
Бірақ дәл осылай пейіліңе оң жауап бермегесін, сағың сынады екен. Бүгінде қызбен таныссам, қандай ойы бар екен деп күтіп отырамын.

Ата-анам тезірек үйленуімді тілеп жүр. Өзім де басымның екеу болғанын қалаймын. Өкінішке қарай, жақсы қыз кездесер емес. Бірақ мені де бір бақыт күтеріне сенемін", - деп Айдос әңгімесін аяқтады. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста