Алматылық жүргізушілер "Алтын Орда" маңындағы бейберекет жол қозғалысына шағымданды

22 қараша 2022, 12:05

Жеңіл көлік жүргізушілері "Алтын Орда" базары мен "Апорт" сауда орталығы маңындағы тасжолдағы бейберекет көлік қозғалысына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жүргізушілердің айтуынша, қоғамдық көлік жүргізушілері жол ережесін өрескел бұзады. Айта кететін жайт, мұндағы жол бетонмен бөлінген, сондықтан жаяу жүргіншілер жол жиегіне жету үшін оларды аттап өтуге мәжбүр. Олардың қауіпті қозғалысы басқа көліктерге де кедергі келтіріп, кептеліс тудырады. Осындай жағдайлардың бірін көлік жүргізушісі видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желіге жариялады.

Желі қолданушылары билікті жолдағы қозғалысты дереу тәртіпке келтіруге шақырады. Сондай-ақ, бұл учаскеде жол полицейлерінің тұрақты кезекшілігін ұйымдастыруды талап етеді.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы жауапты органдарға ресми хат жолдағанын хабарлады.

"Бұл жол қозғалысы ережелеріне қатысты мәселе. Бұл мәселе жергілікті полиция қызметінің бақылауында екенін білесіздер. Ал біздің бөлімшеде жолда тоқтауға тыйым салатын белгілер мен қоғамдық көліктерге арналған арнайы жолақтағы белгілер (автобус жолағы) толығымен орнатылды. Сондай-ақ, жол таңбаларын, оның ішінде автобус сызығының бойында тоқтауға тыйым салатын сары түсті таңбаларды салу жұмыстары басталды", - деді ұйым өкілдері.


Қоғамдық көлік жолағында тыйым салатын белгі бар. Бұл жолақта автобустардан басқа көліктердің қозғалысына тыйым салынады.