Мәселе

Алматылық волонтер Тоқаевты Іле Алатауы ұлттық паркіне шақырды

  • Алматылық волонтер Тоқаевты Іле Алатауы ұлттық паркіне шақырды

    Алматылық волонтер Тоқаевты Іле Алатауы ұлттық паркіне шақырды

Алматы қаласындағы қоршаған ортаны қорғау мәселесімен айналысатын волонтерлер Қазақстан Президентінің атына Іле Алатауы ұлттық паркіндегі экологиялық туризмді дамытуға арналған жобаны қолдау туралы сұрап, хат жолдады.

«Іле Алатауы ұлттық паркі жанындағы қоғамдық кеңесте уәде бергенімдей,  біз ел президентіне ашық хат жолдадық. Менің атымнан. Не үшін? Біздің атқарып жатқан ісімізге кедергі келтірмеуі үшін. Ұлттық парк аумағында табиғатқа та, адамға да қауіпсіз болуы тиіс. Міне, біз жастармен бірге күн-түн демей, жұмыс істеудеміз», - деп жазады волонтер Әсел Исанова.

Волонтердің пікірінше, Ұлттық паркті басқару туралы шешім қабылдайтын кез жетті.  Белсенділер оның негізгі себептерін  хатта атап көрсеткен.

  • Ұлттық парк аумағында демалыс мәдениеті мүлде қалыптаспаған;

 

  • Күн санап көбейген туристер нөпірі басқарылмайды әрі олардың арасында өлім-жітім көп;

 

  • Таулы жерде бақылау-құтқару бекеттері орнатылмаған;

 

  • Жұртшылықтың тауға көтерілуіне коммерциялық көмек беретін тау гидтерінің қызметін реттейтін, оның құзыреті мен тәжірибесін растайтын заң қабылданбаған;

 

  •  Паркке кіретін және адам көп жиналатын жерде бірыңғай  инфрақұрылым жасалмаған;

Сол себепті, волонтерлар Іле Алатауы ұлттық паркінде экологиялық туризмді қоршаған ортаға зиян келтірмей дамыту жөніндегі бас жоспарды жүзеге асыру жұмыстарын Мемлекет басшысы да қолдайды деген үмітте.

Еске салсақ, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұлттық парктерде экотуризмді дамыту жобасы қолға алынды. Осы мақсатта Іле Алатауында туристік инфрақұрылым тарту жұмыстары басталды. «Turanga Group» компаниясы  паркте экотуризмді дамыту бойынша тендерді жеңіп алған. Компания 4 жыл ішінде аталған жобаға 12 млрд теңге салуды жоспарлап отыр.


 




Көрілген: 530    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.07.2020, 23:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31