Мәселе

Алматылықтар айыппұл төлемеу үшін тойды облыста өткізіп жатыр – Сағынтаев

  • Алматылықтар айыппұл төлемеу үшін тойды облыста өткізіп жатыр – Сағынтаев

    Алматылықтар айыппұл төлемеу үшін тойды облыста өткізіп жатыр – Сағынтаев

Қазір республикадағы ең ірі қаланың аумағында қатаң шектеу шаралары қолданылып жатыр. Коронавирус жұқтырған науқастардың күрт көбеюіне байланысты ойын-сауық орындары жабылған

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындары айыппұл төлемеу үшін отбасылық іс-шараларды Алматы облысының аумағында өткізе бастағанын мәлімдеді.

"Біз агломерация аймағында тұрамыз. Біз облысқа барамыз, облыс бізге келеді, өйткені Алматыда бәрі жабық тұр, адамдар бір жерге барғысы келеді, сондықтан облыс аумағына кетіп жатыр. Бес минуттық жол. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары маған көптеген қала тұрғыны тойды және басқа да іс-шараларды облыс аумағында өткізіп жатқанын хабарлады. Онда тойхана өте көп, олар іс-шараны күндіз өткізіп жатыр", - деді мегаполис басшысы.

Бұл мәселені шешу үшін Сағынтаев Алматы облысындағы әріптестерімен бірлескен шараларды үйлестіру қажеттігін  хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін Сағынтаев тікелей эфир барысында ірі қалаларда коронавирустың үшінші толқыны басталып жатқанын мәлімдеген болатын.

"Жазбен салыстырар болсақ, тәулігіне екі есе көп науқас тіркеліп жатыр. Бұл коронавирустың жаңа штаммдарымен байланысты. Алматы қазір қиын жағдайды өткеріп жатыр", - деді қала басшысы.

Жаңа штаммдарды жұқтыру көрсеткіші базалық штаммға қарағанда 70 процентке жоғары. Инфекция тез жұғады. Зерттеу барысында британдық және оңтүстікафрикалық штаммдарға ұқсас мутациялар анықталды. 

sputnik.kz




Көрілген: 707    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.03.2021, 09:03

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31