Мәселе

Алматылықтар карантинге байланысты сұрақтар бойынша қайда хабарласу керек

  • Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

19 наурыздан бастап, Қазақстанның оңтүстік астанасында карантин режимі басталады. Осы орайла алматылықтар өздерін қызықтырған сұрақтарды жедел желіге хабарласып қоя алады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Бүгін Алматыда қалалық полиция басшысы Қанат Таймерденовтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Ол карантинкезінде оңтүстік астана тұрғындары үшін арнайы Call centеr жұмыс істейтінін хабарлады. Ал алматылықтар 254-40-07 нөмірі бойынша хабарласып, туындаған сұрақтарын қоя алады.

 

Таймерденовтың сөзінше, қалаға кіреберістерге арнайы бекеттер орнатылып, шаһарға кірмек болған әрбір азаматтың дене қызуы тексерілетін болады. Дене қызуы көтерліген жандар қалаға кіре алмайды.

 

Карантин кезінде қала көшелерінде полицейлер ғана емес, Ұлттық гвардия сарбаздары мен әскери қызметкерлер де тексеріп жүреді. Бұл туралы күні кеше қорғаныс министрі мәлімдеді.

 

Сондай-ақ, бүгін бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев қазақстандықтарға үндеу жасап, төтенше жағдай кезінде заңды талаптарды орындамаған азаматтарға қандай шаралар қолданылатынын түсіндірді.

 




Көрілген: 354    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.03.2020, 15:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31