Мәселе

Алматылықтарды әбігерге салған "жаңа" камералар нені бақылайды

  • Көрнекі фото: piqsels.com

    Көрнекі фото: piqsels.com

Алматылық көлік жүргізушілерді мегаполистің жолдарында пайда болған жаңа камералар таңғалдырды. Полиция олардың қандай камералар екенін және нені түсіретінін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

 

Instagram-дағы sergek.almata-дағы топтың жазылушысы осы камералардың фотосын парақшаға жіберген. "Қалада жаңа камералар пайда болды! Олар нені бақылайды?" – делінген жазбаның фотосында аталған камералар қызыл көрсеткішпен белгіленген.

 

Фото: instagram.com/sergek.almata

 

Парақшаның оқырмандары әдеттегідей камералардың мақсаты туралы өз пікірлерін айта бастады. Көбі бұл жағдайға әзілдеп те өз ойын жеткізген.

 

"Температураны өлшейді", "Олар қаладағы масаларды санайды", "Олар ренжіп, басқа жаққа қарап тұр", "Мүмкін А нүктесінен В нүктесіне дейінгі орташа жылдамдықты есептейтін болар", "Олар Спэндж бобқа ұқсайды екен", – делінген жазба астындағы пікірде.

 

NUR.KZ редакциясы қалалық полиция бөлімінен түсініктеме сұрады.

 

"Бұл жаңа камералар емес. Біз бұл жүйені бұрыннан орнатқанбыз, автоматтандырылған жүйе "Жол қозғалысы қауіпсіздігі" деп аталады", – деп түсіндірді тәртіп сақшылары.

 

Бұл камералардың мақсаты – жол белгілері, стоп-сызықтар ережелерін бұзу, жылдамдықты асыруды фотоға түсіреді.

 




Көрілген: 950    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.09.2020, 02:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қазан, 23:05
    Кімге ренжиміз?..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31