Мәселе

Алматының үш ауданында суық су болмайды

  • https://kokshetau.asia/

    https://kokshetau.asia/

Алматы қаласының Медеу, Алмалы, Жетісу ауданына қарасты бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті.

 

«29 наурызда сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін Медеу аймағында Байжанов - Қажымұқан - Назарбаев көшелерінде орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да нысандар суық судан ажыратылады»,– деп хабарлайды «Алматы су».

 

Сонымен қатар, 31 наурыз күні таңғы 9:00-ден кешкі сағат 18:00-ге Алмалы ауданына қарасты Құрманғазы - Шевченко - Наурызбай батыр – Сейфуллин көшесіндегі үйлерде суық су болмайды.

 

Сәуірдің бірі күні - Мақатаев - Райымбек - Желтоқсан – Сейфуллин көшесінде орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да нысандарға суық су беру тоқтатылады.

 

«1 сәуір күні сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін Жетісу ауданында орналасқан Райымбек - Сейфуллин – Тобаяқов (Теміржол вокзалы) - Абылай хан көшесінің бойындағы үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру шектеледі»,– делінген хабарламада.

 

Судың берілмеу себебі жаңа су құбыры желісінің қосылуына байланысты.

 

Денсаулық сақтау, білім беру және өзге де әлеуметтік сала ғимараттарына су автоцистерналармен жеткізіледі.

 

 

 




Көрілген: 550    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.03.2021, 19:57

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31