Мәселе

Алматының вокзалдары мен әуежайындағы жағдай жұртты дүрліктірді

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Алыс жолға шығуға пойыз бен ұшақ билеттерін ертерек алып қойған азаматтар енді билеттерін жаппай кері өткізіп әлек. Сол үшін олар ұзын-сонар кезекте тұр. Себебі, билет сататын көптеген мекемеде төтенше жағдай режиміне қатысты келіп істейтін қызметкерлер азайтылыпты. Яғни, көбі онлайн түрде жұмыс істеуге көшкен.

 

Жол жүрудің шектелуіне байланысты Алматы-2 теміржол вокзалында да бірнеше күннен бері дүрбелең. Алыс-жақын ағайынға барамыз деп алдын ала билет алып қойған жолаушылар енді оның ақшасын қайтарып ала алмай жүр. Касса санаулы болғандықтан, кезектері жақындар емес. Алматы вокзалын торуылдап жүрген жұрттың қарасы қалың.

Айтуларынша, билеттерін өткізбегені былай тұрсын, экранға қайта-қайта қараумен "көзіміздің майы таусылып, мойнымыз талды" дейді. Сондай-ақ, мұнда жүзден аса адамның жиналуы "денсаулығымызға да қауіп төндіре ме?" деп қорқуда.

 

Шайзат Саябаева, Алматы қаласының тұрғыны:

 

- Кісі көп жерге бармаңдар дейді. Бүгін билет өткізуге келдік, міне, кісі көп. Бәріміз жылжымай отырмыз. Менің нөмірім 353. Ал қазір таблода 125. Сонда қанша уақыт отыруым керек? Коронавирусты, басқа да ауруларды жұқтырып алуымыз мүмкін.

 

Алайда жауаптылар халықаралық рейстің билетін кері қайтаруға уәде етуде. Бірақ ел арасына қатынайтын пойыздардың жол ақысының қайтарылу-қайтарылмауы белгісіз.

 

Алмас Айтбаев, Теміржол жолаушылар тасымалы маркетинг және сату департаментінің директоры:

 

- Бұл ретте компания мемлекетаралық қатынасқа рәсімделген билеттер бойынша жол жүру құнын толық көлемде қайтару туралы шешім қабылдады. Мемлекетаралық пойыздардың қысқаруына байланысты біздің кассаларға жоғары жүктеме түсті. Билет кассалары қосымша қолма-қол ақшамен қамтамасыз етілген.

 

Бұған қоса, бірнеше күннен бері ұшақ билеттерінің ақшасын қайтара алмай жүрген халық та бүгін наразылық білдіруде.

 

Наталья Савченко, Алматы қаласының тұрғыны:

 

- Қайтарып береміз деп уәде беруден шаршамайды. Алайда сабылып жүргенімізге қанша күн өтті. Тағы да пайыздарын аламыз деп шықпаса болғаны. Егер ондай жағдайлар болса, бұл дегеніміз нағыз тонау ғой.

 

Әзірге тоқтаған әуе рейсі билетінің ақшасы нақты қашан қайтарылатыны белгісіз. Өйткені төтенше жағдайға байланысты оларда ешқандай келушілерді қабылдамайды. Яғни жұмыс тек телефон арқылы және электронды форматта жүргізіледі.

 

Аюна Вальтер, Aviata.kz операциялық директоры:

 

- Барлық тоқтатылған рейс билетінің ақшасы толығымен қайтарылады. Біз әуе компанияларының талабына сай жұмыс істейміз. Яғни, олар алдымен рұқсат беру тиіс. Сосын біз ары қарай қаржысын қайтаруды жүзеге асырамыз.

 

Осылайша мамандар пойыз бен ұшақ билеттерінің ақшасын кері қайтарып береміз деп отыр. Тек даурықпай, сабыр сақтауға шақырады. Алайда бүгін-ертең жол жүруі тиіс болғандар кезекке үлгермей қаламыз ба деп қауіптенеді.

 

ktk.kz

 

 




Көрілген: 508    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.03.2020, 08:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31