Мәселе

Алмаз Шарман: Эпидемияның екінші толқынын жеңіп шығу өзімізге байланысты

  • Алмаз Шарман: Эпидемияның екінші толқынын жеңіп шығу өзімізге байланысты

    Алмаз Шарман: Эпидемияның екінші толқынын жеңіп шығу өзімізге байланысты

Еуропа мен Азия елдерінде індет қайтадан өрши бастады. Бұл туралы бүгін Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында профессор Алмаз Шарман мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында Қазақстанның профилактикалық медицина Академиясының президенті Алмаз Шарман әлемдегі коронавирус пандемиясының екінші толқыны туралы айтып, алматылықтарды санитарлық-эпидемиялық талаптарды сақтауға шақырды. Профессор айтқандай, пандемия әр уақытта әр елде әр түрлі көрініс тапты.

"Індетті сәтті жеңіп шыққан Жаңа Зеландия, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Сингапур сияқты елдер бар. Бірақ Италия, Испания, Америка Құрама Штаттары сияқты кей елдерде өлім мен аурудың жоғары деңгейде болды", деді Алмаз Шарман.

Оның айтуынша, бұл оңтүстік жарты шардағы Аргентина, Чили, Оңтүстік Африка, Австралия сияқты елдердегі жағдай. Олар қыс мезгілінен аман өтіп, көктем мезгілі басталып жатыр.

Сонымен бірге профессор адамзат қазір "Covid-19-ден кейінгі жағдай" жаңа феноменімен бетпе-бет келіп жатқанын қоса кетті. Коронавируспен ауырған науқастарда біраз уақыттан кейін басқа асқынулар пайда болады. Бұл әлсіздік, созылмалы шаршау синдромы, неврологиялық, жүрек және басқа белгілер болатынын айтып өтті.

"Бүкіл әлем дәрігерлері өте маңызды, кең ауқымды проблемаларға тап болды. Сондықтан күзгі-қысқы маусымда және болуы мүмкін коронавирустың екінші толқынын адамдар мұның бәрін байыпты қабылдауы керек. Жаңа індеттер Еуропа мен Азияның әртүрлі елдерінде пайда болады. Бұл күзгі кезеңге, күннің салқындауына байланысты. Қазір көп нәрсе біздің өзімізді қалай ұстайтынымызға байланысты. Біз арақашықтықты сақтап, бетперде тағып, жалпы гигиена ережелерін сақтауды жалғастырамыз. Сондықтан егер Қазақстанда эпидемияның екінші толқыны болатын болса, оның қаншалықты қауіпті болатыны тікелей өзімізге байланысты болмақ", деді Алмаз Шарман.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 1 тамызынан бастап жалпы ауырғандардың саны – 30 337-ге жетсе, оның 335-і өлім жағдайымен аяқталды. Ал індеттен айығып шыққандардан 26 478-ді құрайды. 




Көрілген: 346    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.09.2020, 16:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31