Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Әлсіздік пен бас ауруы байқалды: Елордалық медбике вакцинадан кейінгі жағдайын айтты

10 ақпан 2021, 11:26

Елордалық медбике екпеден кейінгі денсаулығы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

1 ақпанда Қазақстанда CVI-ға қарсы вакцинация басталды. Вакцинация дәрігерлерден басталды. Елордалық 15 аурухананың мобильді бригадасының вакцинацияланған мейірбикелерінің бірі Анар Ашимова вакцинадан кейінгі жағдайын айтты. 

 
"CVI вакцинасын алғаннан кейін мен өзімді жақсы сезіндім. Екпеден кейінгі екінші - үшінші күні денемде әлсіздік, бас ауруы сезілді. Белгілі бір уақыттан кейін бұл белгілер жоғалып кетті. Енді вакцинациядан бір аптадан астам уақыт өтті, мен өзімді жақсы сезініп жүрмін", - деді Анар Әшімова агенттік тілшісімен телефон арқылы сөйлескен кезде.

Естеріңізге сала кетейік, 1 ақпанда Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы COVID-19 ерікті егу науқаны басталды.