Әлтаев: Әлия Юсуповамен қалай ажырасқаны туралы айтты

Әлтаев: Әлия Юсуповамен қалай ажырасқаны туралы айтты

Бұрынғы мәжіліс депутаты, "Ел тірегі" тіркелмеген партиясының жетекшісі Нұржан Әлтаев өзінің бұрынғы жұбайы, белгілі спортшы Әлия Юсуповамен ажырасуына қатысты пікір білдірді. Ол әйелімен екі жаққа кетерде оған бар мүлкін қалдырып кеткенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Бұл жайында Нұржан Әлтаев Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында айтты.

 

Экс-депутат отбасылық өміріне қатысты жан сырын ақтарды.

 

"Біз басында Шымкент қаласында тұрдық. Ажырасқан кезде жиған-терген меншіктің бәрін қалдырдым. Қаланың орталығында бассейнімен, үлкен жерімен жақсы коттедж болды. Одан бөлек бір квартира, екі көлік бар еді. Соның бәрін кіші баламның атына жаздырып, Әлияға қалдырып, астанаға бір чемоданмен кеттім. Еркек өз отбасынан кетсе, осылай кету керек деп ойлаймын" , - дейді ол.

 

Әлтаевтың айтуынша, қазір де алиментін төлеп, бұрынғы отбасына көмектесіп тұрады екен.

 

Алайда Әлия Юсуповаға реніші бар екенін жасырмайды.

 

"Кейде отбасында екі көшбасшы болғаны қиын. Отбасы болғасын бәрі болады. Әлия – халық жақсы көретін спортшы ғой. Тәрбиелі адам. Дегенмен әйел заты болғасын әрдайым еркек кінәлі болып тұрады. Менің түсінбейтінім –кей сұхбаттарында ренішін айтып қалып жатады. Ол дұрыс емес. мен әрқашан ашықпын. Қандай мәселе болса да көмектесуге дайын екенімді айтқанмын" , - деп айтады Әлтаев.

 

Айта кетейік, қазір саясаткер елордада кейін үйленген әйелімен тұрады. 7 баланың әкесі.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста