Мәселе

Алты жасар қызынан айырылған алматылық келіншектің жанайқайы

  • https://www.zakon.kz/

    https://www.zakon.kz/

2019 жылдың 12 мамырында алты жасар алматылық Лиза Пылаева қайтыс болған. Әкесі оның өліміне кінәлі деп ел алдында анасы Марина Рыжакованы айыптады. Ал бір жылдан астам уақыт қайғылы жағдай туралы тіс жармаған әйел алғаш рет өмірін түбегейлі өзгерткен қорқынышты оқиға туралы не ойлайтынын және қандай сезімде екенін ашық айтты. Марқұмның анасы барлығын тергеу жұмыстары анықтауы тиіс екенін жеткізді деп хабарлайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

 

Әйел бір жыл бойы үнсіз қалу себебін және қызы Лиза қайтыс болған күннен бастап басылым беттеріне неліктен жауап бермегенін, әлеуметтік желіде өз пікірін жеткізбегенін түсіндіріп өтті.

 

"Жақыныңнан айырылсаң, әсіресе балаңнан, бұл туралы бірден бөлісуге ниетің болмайды. Мен керісінше барлығынан алыстағым келді. Ешкіммен араласпай, оқшаулана бастадым. Маған қазірдің өзінде болған оқиға туралы айту қиынға соғады. Өмірдегі ең қиын сәтті басымнан өткізген кезде жай ғана пікір білдіретін күш болған жоқ. Иә, мен қызымның өлімі туралы бір жылдан астам уақыт бойы пікір білдіргенім жоқ. Алайда, уақыт өтуде. Тергеу әлі жалғасып жатыр. Менің бұрынғы күйеуім Александр Пылаев пен анасы Алла Пылаева және олардың "қолдаушылар тобы" - барлығы жанұямның кінәсі туралы жариялап келеді. Мен бұдан кейін үндемей отыра бермеймін деп шештім”, - деді әйел.

 

Ол бұрынғы күйеуі Александр мен енесі Алла Пылаеваның әлеуметтік желіде не жазып жүргенін бақыламайтынын айтты.

 

“Мен әлеуметтік желілерді қолданбаймын және жеке парақша ашқан емеспін. Александр Лизаның ауруханадағы фотосын аккаунтына салған уақытта онымен тіпті әлеуметтік желіде де сөйлесе алмайтынымды түсіндім. Лизаны тәрбиелеу тәртібін анықтау мәселесі сотта шешілді. Менің ойымша, аталған мәселе бойынша соттың шешімі менімен және әкесімен бірге тұрған Лизаның қызығушылықтарына толықтай сәйкес келді. Мен олардың қарым-қатынасына ешқашан араласқан емеспін. Тіпті, Александрға да барлық туыстарым сияқты қайғылы жағдай туралы бірден хабарладым. Ол қолдау көрсетеді деп үміттендім. Сол кезде мен қатты шатастым және не істеу керектігін түсінген жоқпын. Александр ауруханаға келіп, Лизаның өліміне мені және басқа да туыстарымды кінәлады. Содан кейін Лизаны көріп, оны да суретке түсіре бастады. Мен одан алдағы уақытта тіпті не күтерімді де білмеймін. Қорқынышты суреттердің таралуы мен туыстарымды Лизаның өліміне кінәлауды қалай түсіндірерімді білмеймін", - деді Марина.

 

Алматылық келіншек қайғылы жағдай орын алған күні қызы неліктен үйде қараусыз қалғанын жеткізді.

 

“Бұл біздің ең қарапайым күніміз еді. Лизаны үлкен ағасы Кирилл тамақтандырып, содан кейін мультфильм қойып берген. Ал өзі сабағын орындау үшін бөлмесіне көтеріліп кетті. Мен де сол уақытта үйде едім. Әжесі де біршама уақытта қонақ бөлмесінде Лизамен бірге отырды. Содан кейін Кириллдің сабағына көмектесу үшін, әкеме дәрі беру үшін жоғарыға қарай 20-30 минуттай көтерілдім. Осыдан соң қайта төменге түстім. Төменге түскенде Лиза үйде болған жоқ. Сол уақытта менің анам, Лизаның әжесі біздің жұмысшымыз Ухтамадан Лизаны бақтан іздеуді өтінді. Ол менің қызымды бақ мүсінінің астында жатқан жерінен тауып алды. Жұмысшының жан дауысы шықты. Анам сол жаққа қарай тура жүгіріп, бізді шақыра бастады", - деді марқұмның анасы сол күнгі оқиғаны есіне алып.

 

Ол жарақат алған Лизаны бақтан тапқан уақытта неліктен жедел жәрдем шақырмағанын және балалар ауруханасына емес ересектерге арналған он екінші қалалық ауруханаға апарғанын да түсіндірді.

 

“Жедел жәрдемді күтіп отыру мүмкін емес еді. Уақыт сырғып жатты. Өз көлігімізге мініп, ауруханаға жеткенде, бұны дұрыс шешім деп ойладым. Әкем, Лизаның атасы рөлде отырды және барлығын қабылдай беретін орталық ауруханаға тура тартты. Ол бұл аурухананы жақсы біледі. Сол сәтте әкеме ашуланғаным есімде, маған ол кісі көлікті ақырын жүргізіп бара жатқандай көрінді, ал өзім қалай көмек берерімді білген жоқпын. Маған бірнәрсе істеу керек сияқты болып көрінді. Содан Лизаға жасанды тыныс беру әдісін жасадым. Мен баланың өлуі мүмкін деген ойға ерік бергенім жоқ. Соңына дейін өмірін құтқару мүмкіндігі бар деп ойлайды екенсің. Құдай ешкімнің басына мұндай жағдайды бермесін", - деді алматылық келіншек.

 

Әйел баланың әкесіне де болған жағдайды тез арада хабарладым деп отыр.

 

“Барлық туыстарымды, жақындарымды, Лизаның әкесін, әпкемді, оның күйеуін шақырдым. Барлығынан ауруханаға келіп, қолдан келгенше қол ұшын беруін өтіндім. Біз ауруханада ары-бері жүгірдік және дәрігерлер бізді күтіп алды. Мен барлығына хабарласып шықтым”, - деді Марина.

 

Сонымен қатар, алматылық келіншек неліктен "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

 

"Менің түсінуімше, Лизаның денесінде жарақаттар болған. Бұндай жағдайда әрдайым осындай бап бойынша іс қозғалып, өлімде зорлық-зомбылық болған-болмағандығы анықталып, тергеу жүргізіледі. Мен және менің барлық отбасым тергеу амалдарына толық қатысудамыз Менің ойымша, қазір Александр Пылаев талап еткен оқиғаның бірнеше нұсқасы тексерілді. Мен бұрынғы күйеуімнің тарапынан құқық қорғау органдарына қандай қысым жасалғанын түсінемін. Ол баспасөз мәслихаттарын ұйымдастырады, әлеуметтік желілерде пост жазады және фактілермен емес, негізсіз айыптаулармен жұмыс істейді. Оның барлық нұсқаларын, тіпті ең абсурдтарын да тергеу кезінде толық зерттеді.

Ал біздің нұсқаларымыз бұған қарағанда әлдеқайда негізделген, алайда қандай да бір себептермен елеусіз қалып жатыр. Осыған байланысты адвокаттарымыз көптеген шағымдар жазды және біз бұл істі Бас прокуратураға тапсыруды және түрлі ведомствоның өкілдері қатысатын ведомствоаралық жедел-тергеу тобын құруды сұрауға мәжбүрміз. Менің бір ғана сұрайтыным - объективті тергеу. Лизаның қазасы - менің қайғым. Мен онымен өмір сүруім керек. Мен адамдардың барлығын толық білгісі келетінін түсінемін. Алайда тергеу жұмыстары толық аяқталған жоқ. Ал біз мәліметтерді жария етпеу туралы келісімге қол қойдық. Сол себепті барлығынан асығыс шешім қабылдамауды және менің отбасымның мекен жайына жаман сөздер айтпауды сұраймын", - деп сөзін аяқтады марқұмның анасы Марина Рыжакова.  




Көрілген: 662    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.08.2020, 14:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30