"Алтын Орда" арбашылары полицияның "жемтігіне" айналған

04 сәуір 2022, 18:32

Алматы полицейлері "Алтын орда" базарында арба сүйреп, адал ақша тауып жүрген қара жұмысшыларды ұстап жатыр. Бейнежазбаны куәгерлердің бірі видеоға түсіріп, Newscorr қызметіне жолдаған. Бұл туралы Экспресс К тілшісі жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Бейнежазбада арба сүйреген жұмысшылар алды-артына қараймай қашып бара жатқанын көреуге болады.

 

Жұмысшылардың айтуынша, полицейлер күнде жүк тасып нәпақа тауып жүрген қара жұмысшыларды ұстап, айыппұл салады екен.

 

Қазір атышулы базар Алматы қаласының меншігіне өткен.

 

"Жұмысшылармен сөйлестім. Көбі шетел азаматтары екен. Бірақ өздерін қазақпыз деп қояды. Полицейлер оларды ұстап алып, тергеп-тексеру үшін қаланың ортасына апарып тастайды екен. Қаланың ортасынан таксимен келеді, оның өзіне мың теңге жұмсайтын көрінеді. Уақыты кетеді, жұмыстан қалады. Содан кейін айыпұл салады екен. "Қазақстан азаматы болсаңыз не үшін айыппұл салады?" десем, "Біз өз құқығымызды білмейміз, 2000-3000 теңге айыппұл салады", — дейді Newscorr қызметіне бейнежазба жолдаған адам.