Мәселе

"Алтын Ордадағы" жанжал: Куәгерлер жіберген видео оқиға желісін өзгертті

  • "Алтын Ордадағы" жанжал: Куәгерлер жіберген видео оқиға желісін өзгертті

Алматы маңындағы Алтын Орда базарындағы даулы мәселені полиция тергеп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

Ал басынан соққы алып ауруханаға түскен автотұрақ қызметкерінің жағдайы әзірге белгісіз. Өзін жәбірленушімен деп құзырлы органдарға арыз түсірген көлік жүргізушісі кикілжіңді бірінші бастағанын мойындайды. Алайда азамат төбелеске өзін және отбасын қорғау үшін барғанын айтады. Және азаматтар арасындағы жанжалды ұлтараздық қақтығыспен байланыстырмауды сұрайды.

 
Жазбада жүргізуші базар бақылаушысын балағаттап, тұраққа ытқып кіргенін байқайсыз. Тіпті бұл маңдағы камера да бақылаушыны басып кете жаздағанын түсіріп алған. Ал кейін тұрақ ішінде текетірес басталған. Бұл дауда жәбірленушімін деп шағымданған жүргізуші өзімді және отбасымды қорғамақ болдым деп отыр.

"Ол дөрекі сөйлей бастады. Сосын мен боқтадым. Сосын тұраққа кіріп көліктен шығып ем, маған пышақ ала жүгірді. Ал отбасымды қорғау үшін көлікке отырып қашып шықтым. Кейін BMW автокөлігін мінгендер үйіме дейін аңдып келді. Мен өз қателігімді мойындаймын. Бірақ бұны ұлтаралық жанжал деп қабылдамаңыздар", - дейді көлік жүргізушісі Николай Евгениевич. 

Қазір Николай көлігіне 320 мыңдай шығын келгенін айтады. Көлік шанағының бояуы кетіп, кей жерлерін теуіп зақымдады дейді. Енді олар көлігімді жөндетіп берсе дейді.

"Ол пышақпен қорқыта бастады. Содан күйеуім оны ұрды. Ол екі минуттай есінен танып қалды. Сосын көлікті теуіп, бізді қорқыта бастады", - дейді жүргізушінің жұбайы Анастасия Жгунова. 

Алтын Орда басшылығы қазір екі тараптың да кінәсін тергеу ісі анықтасын, араласпаймыз деп отыр. Алайда Николайдың қызметшіні оңдырмай ұрып құлатқаны, өзін қорғаудан көрі, күш көрсетуге ұқсайды деп отыр. 

"Аталған іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Соққы алған жұмысшы қазір емделуде. Ол бұрын-соңды жаман қылық көрсеткен емес, және бұндай жағдай базарда алғаш болып отыр", - дейді Алтын Орда сауда логистикалық орталығы директорының орынбасары Жұмадин Оразмағанбетұлы. 

"Әріптесімдікі дұрыс. Біз өзіміздің қарапайым жұмысымызды істедік ол жерде. Ол ол жерде жүз теңге төлемеймін деп кірген", - дейді базар бақылаушысы Ринат Мырзабеков. 

Бұл шулы оқиғаға желі қолданушылары да түрлі пікір білдіріп отыр, бірі көлік иесін қолдаса, енді бірі жүз теңге үшін жағадан алу жабайылық деп пікір қалдырыпты.

Ал заңгер Жангелді Сүлейманов Николай бірінші болып соққы жасап күшпен шешпек болып, кейін заңға жүгінгені арандатуға көбірек ұқсайды деп, екі жақты татуласуға шақырып отыр.

Жұмысымыз жүз теңге алып, талон ғана беру деген қарапайым базар бақылаушылары күніне он адам келіп жекіп кететінін айтады. Ал кешегі текетіресте басынан қатты соққы алған күзетші қазір аудандық ауруханада ем алып жатқан көрінеді.

Еске салсақ, осыған дейін Алматыдағы "Алтын Орда" базарының көлік тұрағында болған төбелес желіні шулатқан болатын. 




Көрілген: 852    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.04.2021, 11:01

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31