Мәселе

Алтынсарин олимпиадасында қыз балалар білімі сыналады

Ақпанның 27-сі күні еліміздің бес облысында Ыбырай Алтынсарин атындағы республикалық пәндік олимпиада өтеді. Білім сайысына тек қана қыз балалар қатысады.

«Қыздар университеті» медиаорталығы қызметкерлерінің хабарлауынша, олим­пиа­даны Қазақ мемлекеттік қыздар педа­гоги­ка­лық университеті ұйымдастырып отыр. Уни­верситет ректоры Динар Нөкетае­ваның айтуынша, оның мақсаты – мектеп­тердің бітір­гелі отырғандар арасынан ерекше қа­білетті жастарды анықтау. Олим­пиада қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағыл­шын тілі, физика, биология, география, дү­ние­жүзі тарихы пәндері бойынша өткізі­ле­ді. Сайыстың ең жоғарғы көрсеткіші – 100 балл. «Ы.Алтынсарин – 2013» аталатын олимпиададан жоғары нәтижеге қол жеткізген қыз балаларға Қазақ мемлекеттік қыз­дар педагогикалық университетіне түсу­ге жол ашылады. Олимпиаданың әр пәнінен алғашқы үш орынды иеленген оқушы таң­да­ған маман­дығына сай келген және ҰБТ-ға қажетті өту балын алған жағдайда уни­вер­ситет рек­торының шәкіртақысыз гран­ты­на ие бола­ды. Жүлделі орын алмаға­ны­мен, олимпиа­да­ның жоғары деңгейлері­нен өткендерге жоға­ры оқу орнына бірінші кезекте қабыл­­дануға құқық беретін серти­фи­каттар табыс етіледі. Білім сынағы сәр­сен­бі күні сағат 12:00-15:00 аралығында Ал­ма­ты, Талды­қорған, Жаркент қалалары мен Кеген ауда­нында, Тараз қаласы мен Қор­­дай ауданы­ның орталығында, Шым­кент, Түркістан қала­ларында, Қызылорда, Қа­залы, Қар­мақшы қалалары мен Жаңа­қор­ған ауданы­ның орталығында және Өске­мен қаласын­да өтеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер наурыз айында анықталып, марапатталады. Еске сала кетейік, былтыр Ы.Алтынсарин атын­дағы олимпиадада 21 жеңімпаз Қыз­дар университеті ректорының грантын иеленген болатын. 




Көрілген: 1361    Пікірлер: 4

сейсенбі, 26.02.2013, 12:31

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30