Мәселе

Америкалық отбасы асырап алған Айсұлудың қалай Дэвинге айналғаны белгілі болды

  • Америкалық отбасы асырап алған Айсұлудың қалай Дэвинге айналғаны белгілі болды

    Америкалық отбасы асырап алған Айсұлудың қалай Дэвинге айналғаны белгілі болды

Сыртқы істер министрлігі бала өлімінің себебін анықтап жатқанын хабарлады. Дэвиннің 18-ге толуына бір ғана ай қалған еді. АҚШ-та сәби кезінде америкалық отбасы Қазақстаннан асырап алған жігіт көз жұмды. Қостанайдағы бөбектер үйінің бас дәрігері бала туралы архивтегі мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


Дэвин 2001 жылы 16 қазанда Қостанайда туған. Ол бұл кезде әлі Айсұлу есімді қыз болған.


"Сәбиді бізге бір айлығында әкелді. Архивтегі мәліметтерге қарайтын болсақ, дені сау бала болған", - деді "Дельфин" бөбектер үйінің бас дәрігері Өмірбек Бәйкенов "Астана" телеарнасына берген сұқбатында.

Айсұлуды 2002 жылы америкалық Кейтлин мен Уэйн Тэкабари асырап алған. Ол кезде сәбиге бір жас екі ай толған еді.


Айсұлуды асырап алған әкесі Уэйн айти саласында қызмет еткен. Ол әлеуметтік желіде кішкентай баласының фотоларымен бөлісіп отырған. 11 жасына дейін бала көйлек киіп, өзін Диана деп атапты.


Кейін ол өзін Дэвин деп атай бастады. Ол трансгендер болған. Ол ЛГБТК (лесбияндар, гейлер, бисексуалдар, трансгендерлер мен квирлер) қауымдастығы атынан мұғалімдер және студенттермен өтетін қоғамдық пікірталастарға қатысқан. Домбыра шертуді үйреніп, гимнастика, би және сурет салумен де айналысқан. Оның суреттері Scholastic Awards 2018 ұлттық премиясында жүлде алған.


 




Көрілген: 1165    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.10.2019, 14:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қараша, 10:13
    Сауапты іске жұмылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30