Мәселе

Америкалықтар асырап алған қазақ қызы Сара туған анасын іздейді

  • Америкалықтар асырап алған қазақ қызы Сара туған анасын іздейді

    Америкалықтар асырап алған қазақ қызы Сара туған анасын іздейді

2003 жылы Әсем Асылбекованы 1 жасында америкалықтар Алматы облысының Есік қаласындағы балалар үйінен алып, асырап алған, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Қазақ қызы анасына іздеу салады! 2003 жылы Әсем Асылбекованы 1 жасында америкалықтар Алматы облысының Есік қаласындағы балалар үйінен алып, асырап алған. Ал, қазіргі ата-анасы АҚШ-қа барған соң, есімін Сара деп өзгерткен. Бүгінде 18 жастағы қандасымыз Саида Асылбекова есімді анасын іздеп жатыр. Қолында бір ғана құжаты бар ол әлеуметтік желі арқылы көпшіліктен көмек сұрайды. "Алматы" арнасы бұл жайтқа бей-жай қарамай, Әсемнің анасын іздеуге кірісіп кетті. Белгілісі, Әсем соңғы рет паналаған Есік қаласындағы балалар үйі бірнеше жыл бұрын жабылып қалған екен. Арна журналистері Алматы облыстық мемлекеттік мұрағаты Еңбекшіқазақ аудандық филиалы директорының атына сауал хат жолдады. Жауабы алдағы дүйсенбі берілуі тиіс. Қадірлі көрермендер! Егер Саида Асылбекованы танып, білетіндер болса немесе өзі қызын танып, онымен хабарласамын десе, экранда көрсетілген нөмірге қоңырау шалсаңыздар болады.

8 (727) 266 39 67

Whats app 8 777 046 33 33




Көрілген: 2618    Пікірлер: 0

жұма, 13.11.2020, 09:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31