Мәселе

Американы армандаған жүздеген қазақстандық ақшасынан айырылды

  • https://xn-----8kcahaqcujnn5ajjgwjfpi9f4f.xn--p1ai/

    https://xn-----8kcahaqcujnn5ajjgwjfpi9f4f.xn--p1ai/

Америка виза беруден бас тартқан жүзге жуық қазақстандық визалық компания оларды алдап, ақшаны қайтарудан бас тартқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

 

Hasta la Visa клиенттері АҚШ-та жаңа өмір бастауды армандаған. Төмен жалақы, қарыздар, несиелерден құтылғысы келген олар виза алу үшін делдалдарға 800 мың теңгеден 3 мың долларға дейін айтарлықтай сома төлеген. Олар кепілдендірілген нәтижеге үміттенген. Алайда олардың өтінішінен АҚШ-тың Бас консулдығы бас тартқан.

 

"Мен барып, жұмысқа тұрып ақша табуды жоспарладым. Жайғасып, қандай да бір баспанаға орналасқым келді. Дегенмен, ешқандай міндеттер орындалмады. Маған бұл ақшаны табу қиынға түсті. Қаражаттың бір бөлігін қайтарғым келеді. Сосын тыныш өмір сүруді жалғастыра беремін. Өйткені өмірім тозаққа айналғандай", - дейді визадан бас тартқандардың бірі Индира Т.

 

Бас тартқан жағдайда компания кез-келген басқа елге виза алуға уәде берген. Бірақ, шын мәнінде, таңдау тек Чехия немесе Словакия болған. Бірақ үстінен тағы мың доллардан артық төлеуге тура келеді. Сондай - ақ, агенттік клиенттерге жұмыс визаларының орнына студенттік визаларды бергені белгілі болды.

 

Жалпы алғанда, жүзге жуық адам өздерін алаяқтықтың құрбаны болдық деп ойлайды.

 

"Азаматтық заңнамада “міндеттемелерді орындамау" түсінігі бар. Егер адам өз қызметтерін толық көлемде алмаса біз сот тәртібімен міндеттемелердің орындалуын немесе ақшаның қандай да бір бөлігін қайтаруды талап ететін боламыз",-дейді адвокат Ержан Бекболат.

 

Зардап шеккендердің айтуынша, компания рұқсат алу мүмкіндігін арттыру үшін клиенттерінен отбасылық жағдайы немесе жинақтары туралы мәліметтерді алған. Анықтамалар мен мөрлер жалған екенін банктердің бірінде растады.

 

"Біздің қауіпсіздік қызметіміз тексеру жүргізіп, бұл анықтама жалған деп шешті. Бұл туралы бланк, мөртаңба бәрін куәландыра аламыз. Сонымен қатар осы анықтамаға қол қойғандарды айтатын болса, бізде ондай қызметкерлер жоқ және ешқашан болған емес", - дейді Еуразиялық банктің PR-бағытының жетекшісі Әзел Жәнібек.

 

Компанияның өзі жалған құжаттар туралы білмейтінін мәлімдейді. Агенттіктің негізін қалаушы Ануар Сейткерім клиенттерге түрлі жағдайлар болатыны туралы ескертілгенін және ешкім оларға визаларды 100% мақұлдауды уәде етпегенін түсіндірді. Бұл ретте қанағаттанарлықсыз нәтиже болған жағдайда ақшаны қайтару мүмкін емес: қаражаттың бір бөлігі консулдық алымдарға, сауалнамаларды толтыруға және қызметкерлердің жалақысына жұмсалған.

 

"Бір жерде біреу ақпаратты сәл асыра сілтеп айтуы мүмкін. Бірақ ешқашан өтірік айтпайды. Егер өтірік айтса мен ақшаны өзім қайтарып, қызметкерді жұмыстан шығарамын. Біз кез-келген клиенттермен міндетті түрде келіссөздер жүргіземіз. Егер олар наразылық білдірсе – ақшаның бір бөлігін қайтарылады немесе басқа қызметтерді ұсынылады. Егер адам бұған келіспесе, ол әрқашан сотқа жүгіне алады", - дейді Hasta la Visa бас директоры Ануар Сейткерім.

 

 

 




Көрілген: 469    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.09.2021, 19:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30