Мәселе

А.Мұхамедиұлы мемлекеттік тілдегі титрлардағы қателіктер қатысты пікір білдірді

  • © 24.kz

    © 24.kz

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхаммедұлы Facebook парақшасында «Отель Мумбаи» фильмінің мемлекеттік тілдегі титрларына байланысты өз пікірін жазды.


«Достарым, кино көрсетушілер фильмдердің қазақ тіліне аударуылын қамтамасыз ету барысында туындаған мәселемен бөліскім келіп отыр. Биыл қабылданған «Кинематография туралы» Заңға сәйкес прокаттағы фильмдерді титр беру немесе дубляж арқылы мемлекеттік тілге аударуды кинопрокат құқығын иеленуші дистрибьютор қамтамасыз етеді.


Мемлекеттік тілге кәсіби дубляж жасалған фильмдердің сирек кездесуінің себебін түсіндіруде дистрибьюторлар оның қымбатшылығына сілтейді: дубляжға жұмсалған қаржы фильмнің Қазақстандағы көрсетілімінен түскен пайдадан асып түсуі мүмкін, сондықтан көбінесе титр арқылы аудармаға жүгінеді.


Өкінішке қарай, фильмдерді қазақ тіліне аударғанда кейбір кино көрсетушілер тарапынан қателерге жол беріледі. Мысалы, «Мумбаи отелі: Тайталас» фильмінде осы жағдай кездесті. Көрермендерден түскен шағымдар негізінде аталған фильмнің прокатқа берілген куәлігін алып қою туралы шешім қабылдадық.


Кинопрокат құқығын иеленушілерге фильмдерді мемлекеттік тілге грамматикалық қатесіз, мағынасын түсінікті етіп, көрермендердің ренішін тудырмайтындай қылып аударуды өтінемін.


Қатаң шара қолданғымыз келмегенмен, «Кинематография туралы» Заңның іске асуы біз үшін өте маңызды. Сіздер түсіністікпен қабылдайды деп сенемін», - деді министр.


24.kz




 




Көрілген: 395    Пікірлер: 0

жұма, 24.05.2019, 12:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30