Мәселе

Анадан ананың несі кем?

  • Анадан ананың несі кем?

    Анадан ананың несі кем?

Қазақстанда 4 балалы аналардың жартысы жәрдемақы алады, жартысы алмайды. Әлеуметтік теңсіздік деген осыдан шығады.

2018 жылдан бастап төртінші баласын дүниеге әкелгендер "көп балалы отбасы" санатына жатпайды. "Закон обратной силы не имеет" деген бар. Яғни, оған дейін 4 бала тапқандар ай сайын жәрдемақы алады, тұрғынүй кезегі, балабақша кезегі секілді жеңілдіктерге ие, балалары мектепте тегін тамақ ішеді, үйірмелерге тегін қатысады. Ал 2018 жылдан бастап 4 балалы болғандарда мұның бірі жоқ.

Енді бес бала тапқандар ғана "көп балалы" болып есептеледі. Сонда аналардың денсаулығы жақсарып кетті ме, әлде Қазақстанда бала өсіру, жеткізу жеңілдеді ме? Министрлік бұл шешімді қандай критерийлерге, факторларға сүйеніп қабылдады? Сонда үнемдеп жүргені көп балалыларға ай сайын төлейтін 10 мың теңге ме?


"4 баласы барлар енді атаулы көмек ала алады" деген болатын Тамара Дүйсенова ханым. Ол көмекті алу үшін үш ай сайын құжат тапсырып, "миллионер" емес екеніңді Үкіметке дәлелдеу керек. Оны бермеудің де түрлі амалдары бар. Әуелі 6 адам (4 баласы бар отбасы) бір үйде тіркеуде тұруы керек. Үйі жоқтар қалай бір үйде 6 адам тіркеуде тұрады. Алматы мен Астанда жастардың көбісі үй жалдап тұрады. Қай туысың топырлатын сені тіркеуге тұрғызады. Ол үйге тіркеуге тұрсаң, сол туысыңның табысын қосып есептейді. Яғни, үйі жоқтар бұл атаулы көмекті ала алмайды деген сөз.

Үйің бар делік. Үйді кім қолма қол ақшаға алды дейсің, ипотека. Жәрдемақы беретін орган ипотека төлемін отбасының табысынан шегермейді. Ипотека кіріс болып есептеледі. Яғни, ипотке төлейтініңді айтпау керек, әйтпесе жәрдемақыдан қағыласың.

Жұмыссыздықтың бәрі ауылда. Ауылдағыларға атаулы көмекті алу мүлде қиын. Әке-шешенің зейнетақысы табыс көзі болып саналады. Оған қорадағы тауық пен бау-бақшаңды қосады.


Менде Әбілқасымова ханымға сұрақ бар. "Қанша 4 балалы отбасыға осы атаулы көмек берілді?"


Мен секілді төрт баласы бар ана ХҚО-дан "көп балалы" деген анықтама ала алады, мен ала алмаймын. Неге? Ананың анадан несі кем, несі артық? Үкімет бізді неге алалап отыр?




Министр ханымның мына пиджагы 540 мың теңге тұрады дейді. Бұндай пиджакты балаларымыз өсіп, жетілсе біз де киерміз. Тек көп балалы деген статусымызды қайтарып беріңіз. Біз үшін ол - мәртебе.




Көрілген: 351    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.02.2019, 15:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30