Мәселе

Анасы бас тартқан балаларды асырап алған әйел: Халық аманат еткен бүлдіршіндерді жылатпаймын (видео)

  • Анасы бас тартқан балаларды асырап алған әйел: Халық аманат еткен бүлдіршіндерді жылатпаймын (видео)

    Анасы бас тартқан балаларды асырап алған әйел: Халық аманат еткен бүлдіршіндерді жылатпаймын (видео)



Алматыда туған балаларын жетімдер үйіне өткізбек болып, артынша оларды «Астарлы ақиқат» бағдарламасының студиясында өзге әйелге беріп жіберген ананың оқиғасы қоғамда кең талқыланып, жұрттың жағасын ұстатқан еді. Бағдарлама жүргізушісі Дина Төлепберген анасы бас тартқан балалардың қазіргі өмірі туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.



Еске сала кетсек, аталған бағдарламада үш баланың анасы Қапиза Шумаева өз перзенттерін жетімдер үйіне өткізгісі келетінін айтқан еді. Ішімдікке салынған әйел ойынан айнымағаннан кейін, 13 баланы тәрбиелеп отырған тараздық Зульфия Төленова оларды асырап алуға ниет білдірді. Артынша ол балаларды өз тәрбиесіне алды. 


Тележүргізуші Дина Төлепбергеннің сөзінше, осы жағдайдан кейін бағдарлама редакторлары Тараз қаласына барып, балалардың жағдайын біліп қайтқан. Айтуынша, балалар оларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алыпты.


«Жаңа отбасыға үйренісе бастағандай. Үш мезгіл тамағын жеп, біраз салмақ қосыпты. Борис бұрынғы тұйық қалпынан тайып, адамдармен ашық-жарқын сөйлесетін болған. Өзінен кіші бауырларына бас көз болып жүр.


Ал Жасмин биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттауға дайындалып, әріп үйреніп жүр. Айлин қазір Зульфия апайдың тәттісі, осы отбасының еркесі әрі ханшайымы болған. Мұндағылар оны еркелетіп «Сникерс» дейді. Енді Айлин балабақшаға барады», - деп жазды Төлепберген Instagram желісіндегі парақшасында. 


Өз сөзінде тележүргізуші Зульфия Төленованың балалардан қамқорлығын аямай жатқанын айтты.  «Бүкіл халық аманаттап тапсырған бүлдіршіндерді жылатпаймын» деп сөз берді, дейді ол. 


 






Көрілген: 672    Пікірлер: 0

сенбі, 08.06.2019, 12:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30