Мәселе

Анасынан айырылған балалар көмекке мұқтаж

  • https://almaty.tv/kz

    https://almaty.tv/kz

4 күн бұрын анасынан айырылған 6 баланың тұрақты баспанасы жоқ. Қазір бесеуі үлкен әпкесінің жанында. Жеткіншектердің ендігі жағдайы не болмақ? Жетімдерге жебеу болам дегендер оларға қалай көмек көрсете алады? Балалардың жай-күйін Almaty.tv тілшісі Сымбат Ноғай біліп қайтты.

 

Балалардың үлкені 24 жастағы Әнел Тұңғышбаева өзінен кейінгі 5 бауырын қамқорлығына алған. Келіншектің 3 жасар қызы бар, екіншісіне аяғы ауыр. Қазір жары және бауырларымен бірге бір бөлмелі пәтерді жалдап тұрып жатыр.

 

«Балалар далада қалмасын деп қасыма алдым. Бір бөлмелі пәтер болғандықтан бізге тарлық етеді. Енді балаларға жайлы пәтер болса деген ойым бар», &ndash деді Әнел Тұңғышбаева.

 

Қазіргі таңда Әнел бауырларын заңды түрде өз қамқорлығына алу үшін құжат дайындап жүр. Балаларды ең кенжелері егіздер Әмір мен Әлем бар болғаны 3 жаста. Анасы тірі кезде балаларымен жалдамалы жер үйде тұрған.

 

Жетім қалған балалардың биологиялық әкесі Өзбекстан азаматы екен. Жеткіншектердің айтуынша ер адам ішімдікке құмар болған көрінеді. 

 

«Әкеміз үйге келіп тұратын. Бірақ көп арақ ішетін. Келген кезде анамызды ұратын», &ndash деді Абылайхан Тұңғышбаев.

 

Балалардың туыстары қайғылы оқиғадан кейін де оларға көмектеспеген. Марқұмды жергілікті тұрғындар өзара ақша жинап жерлеген. Қайтыс болған анасы Қарлығаш Тұңғышбаеваның көршілері оны «жүзі жарқын, мейірімді жан еді» дейді.

 

«Ол балаларын өзі асырады. Ешкімнен көпбалалымын деп барып, көмек сұраған жоқ. Монша жағып, көмір сатып күнін көріп жүрді. Кейде бәліштер пісіріп, ақша табатын. Сондай көрегенді, ақкөңіл жан ретінде білеміз», &ndash деді көршісі Анастасия Савостина

 

Бір күнде анасынан айырылған балалар халықтан көмек сұрайды. Жетімдерге қарайласып, қол ұшын созамын дегендер Әнел Тұңғышбаеваға қаражат аудара алады. Олар үшін кез-келген көмек маңызды болып тұр.

 

4400 4301 2201 6063  КАСПИ ГОЛД Әнел Тұңғышбаева

 

 

 

 




Көрілген: 1477    Пікірлер: 0

сенбі, 09.01.2021, 22:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31