Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады

03 маусым 2022, 18:24

Аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін 1973 жылы туған Нұрлан Масимовке іздеу жарияланды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Антикор өкілдері іздестірілушіні анықтау немесе оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда Агенттіктің көрсетілген телефондары бойынша хабарлауды сұрады.

 

call-центр 1424

+7 (7172) 909 260

+7 (727) 278 7300

+7 (707) 978 0808

 

Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 4 000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін сыйақы көзделген.

 

Хабарламаның құпиялығына кепілдік беріледі.