Мәселе

"Антиваксерлердің кесірі" - Бекшин Алматыдағы COVID-19 жұқтыру өсімі туралы

  • "Антиваксерлердің кесірі" - Бекшин Алматыдағы COVID-19 жұқтыру өсімі туралы

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин вакцинацияға қарсы насихат салдарынан қалада коронавирус жұқтыру дерегі көбейгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Брифинг барысында қаланың бас санитария дәрігері вакцинацияға қарсы шығатындар және вакциналар туралы жалған ақпарат тарататындар туралы айтты.

"Бүгінде денсаулық сақтау жүйесі жағдайды бақылауда ұстай алды. Бірақ түске дейін жұқпалы аурулар ауруханасында болдым. Бүгінде осы аурухананың реанимация бөлімшелерінде жатқан науқастардың шамамен 100 пайызы вакцина салдырмаған. Мен шақырған белсенділер де бізбен бірге жағдайды көрді. Бұл антиваксерлер жұмысының кесірі. Олар тәулік бойы арнайы киім киіп, маскасын шешпей жұмыс істейтін дәрігерлерді, науқастарды өз көздерімен көргендерін қалаймын", - деді Бекшин.
 
Оның айтуынша, қазір инфекция жұқтырудың негізгі ошағы - сауда кешендері (31 пайыз), сондай-ақ отбасындағы қарым-қатынас. Бекшин вакцина салдырмаған адамдар отбасына инфекция әкеліп, оларға жұқтыратынын атап өтті.

"Бүгінде төрт мыңнан аса оқушы 6,5 айда инфекция жұқтырды. Бірақ былтыр барлығы 281 болған. Бір жасқа дейінгі 1180 бала ауырып қалды. Бұл да антиваксерлер жұмысының салдары, өйткені ересек отбасы мүшелері вакцина алса, инфекцияны үйге әкелмеуі мүмкін еді", - деді Бекшин.




Көрілген: 1332    Пікірлер: 0

сенбі, 17.07.2021, 23:21

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30