Мәселе

Әпкемді құлдықтан құтқарыңызшы! Қожайыны күнде ұрып-соғып жыныстық қатынасқа да мәжбүрлейді екен

  • Әпкемді құлдықтан құтқарыңызшы! Қожайыны күнде ұрып-соғып жыныстық қатынасқа да мәжбүрлейді екен

    Әпкемді құлдықтан құтқарыңызшы! Қожайыны күнде ұрып-соғып жыныстық қатынасқа да мәжбүрлейді екен

Менің әпкем 9 сыныпта жүкті болды. Әлгі жігіт сотталды. Ағайын-туыс 4 айлық жүкті қызды күнә жасадың деп түсік жасатты. Содан кейін мектепке бармады. Анамызды бір еркекке күйеуге берді. Әулеттің абыройын төккен әпкемді шешем бірге өгей әкенің үйіне ертіп кетті. Анам хат танымайды, өте жуас кісі. Өгей әкем әпкетайымды сол өңірге әйгілі малшыға араққа айырбастап жіберді. Содан бері ол тозақта.


Мен тұрмысқа шықтым. Оны нағашыларымыз ешқандай жиын, тойға шақырмайды. Оның өлігін де көргіміз келмейді деп, ол жайында біреуі жақ ашпайды.


Қаңтарда аяз сақылдап тұрған түні әпкем тереземді қағып тұр. Аяқ киімі, бұтында дымы жоқ. Қалшылдап, жылы үйге кіріп құлап қалды. Ол біздің үйде жүрді. Ауылда бір жігітпен отау құрды. 4 айдан кейін малшы оның мекен-жәйін тауып алыпты. Үйімізді екі күн торуылдап, әпкемнің үйін сұрастырып біліп, ақыры түнгі төртте күйеуі, ата-енесінің айқай-шуына қарамай машинаға салып, алып кеткен. Оған мекен-жәйді өгей әкем берген екен.


Әпкем сол малшының құлы. Мал бағады, сиыр сауады. Жалақы алмайды. Күнде ұрып-соғады екен. Әпкем бірде көрші ауылдың малшыларына қашып, сол жақтан пана табады. Тағы да оны қожайыны іздеп, ұрып-соғып, жайлауға алып кетіпті.

Үш жыл бұрын күйеуім оны құлдық қамытынан құтқарамын деп полициямен барады. Нәтижесіз. Полиция да түк шара қолданбаған.


Өйткені біздің қорғанымыз жоқ. Менің әпкемнің бұл азаптан құтыламыз деген үмітіміз жоғалды. Алайда сіздердің бағдарламаны көрген сайын осы жоғалған үміт оянды.


Әпкемді тозақтан, құлдықтан құтқарыңызшы. Ол малшы, сауыншы ғана емес. Жыныстық қатынасқа да мәжбүрлейді екен. Шындықты қалай жасырамын. Ол жылағанда сүйегім сырқырайды, - көрерменнің көз жасы жанға батты.


30 жастағы бойжеткеннің тағдырын тәлкекке түскенде туысқандары неге бүлк етпейді? Қатыгез екен.


Жүкті болғаны үшін күстаналап, елден қуғаны ақылға сыймайды.

Кейбір фактілерді зерттеп жатырмын.


Жазира Бегалы


Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 887    Пікірлер: 0

жұма, 01.02.2019, 11:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30