Мәселе

Әр аптада бес мыңға жуық қазақстандық шетелге демалуға кетеді - Туроператорлар

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Түркияға әуе рейстері қысқарғанымен, бұл елге туристік жолдамаларды сату тоқтамайды. Бұл туралы Қазақстанның туроператорлар қауымдастығының президенті мәлімдеді.

 

Инна Рейдің айтуынша, жолдамаларды сатып, турларды ұйымдастыру жалғасып жатыр. Ал сәуір мен мамыр айларына Түркияға жолдама алып қойған қазақстандықтардың жайы не болмақ?

 

Қауымдастықтың хабарлауынша, Түркиямен әуе байланысы қысқарады деген жаңалыққа дейін жолдама алғандардың ұшу күндері ғана өзгеруі мүмкін. Ең бастысы, сатып алынған билеттердің құны өзгермейді.!

 

Еліміздің туроператорлар қауымдастығы жолдамаларды алдын ала сатып алған қазақстандық туристер алдындағы барлық міндеттемелер орындалатынын хабарлады. Бірақ әзірге тек ұшу күндері өзгереді.

 

Яғни, сәуір айына жолдама сатып алғандар мамыр айында демалысқа ұшып кетуі мүмкін. Бәрі Түркиядағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.

 

Еске салайық, ведомствоаралық комиссия шешімімен 26 сәуірден бастап Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстерінің саны екі есе қысқарды.

 

Жалпы туроператорлардың хабарлауынша, әр аптада бес мыңға жуық қазақстандық шетелге демалуға кетеді.

 

Отандастарымыз арасында Мысыр мен Мальдив аралдарына сұраныс жоғары. Бұл бағыттар бойынша жақын күндерге арналған жолдамалардың барлығы дерлік сатылып кеткен.

 

«Тіпті мамыр айындағы мереке күндеріне дейін орындар қалмаған», - дейді туроператорлар.

 

Қазақстандық туристердің жартысынан көбі Египетке демалуға кетеді. Сонымен қатар біздің азаматтар БАӘ мен Мальдив аралдарына да жиі саяхаттайды екен.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 598    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.04.2021, 11:04

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31